Жазудың маңызы мен қызметі. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
3 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жазудың маңызы мен қызметі
Мәтінмен жұмыс кезеңі
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты тап.
Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу қоғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуін ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен, қарым – қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген. Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениетінің жетістіктерінің бәрі жазу арқасында»
...Біздіңше, өркениеттің дамуын сипаттауда жазудың маңызынан бастап айту оның әлдеқайда жүйелі, күрделі, дербес құрылым болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта атқарар қызметін танытпақ. Мысалы, шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне, сауданың өркендеуіне байланысты болғаны белгілі.Жазудың сол антикалық дәуірдегі қызметі бүгінгі әлемиет дәуірінде қайта күшейіп, жазу мемлекеттілікке, заңнама, құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінгі ресми қағаздар адамдардың сөйлесуінсіз –ақ түсінісетін, құжаттар өзара «сөйлесетін» жүйе құрайды.Ресми ісқағаздар айқындылықтың, дәлелдіктің, аргумент, фактінің құжаты болды. Ендеше, жазудың бүгінгі күн тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңестік шегіндегі әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни, мемлекеттің күшеюімен байланысты, жазудың дерек болу(визуалдылық арқылы) сипаты артып отыр.
(Қ.Б.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы»
2-тапсырма. Төмендегі ақпараттарға дұрыстығына сай «шын» немесе «өтірік» сөзін қой.
- Адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың рөлі маңызды емес.
- Қазіргі заманда жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден кеміп барады.
- Шумер елінде жазудың болуы ең алдымен мемлекеттік құрылыстың дамуы мен жетілуіне байланысты
- Бүгінгі күні жазудың маңызы әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр.
4-тапсырма.
«Жазудың маңызы мен қызметі» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастыр.
Үлгі:
Түпнұсқа мәтін | Жинақы мәтін |
Сөз қадірі Қазақ халқы өзінің ана тілін, сөз қадірін жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктері мен қарым-қатынасының ішінде ана тілін жоғары қойған. Әрбір сөзге мән беріп, байқап сөйлеген. «Адам көңілінен азады, Тілінен жазады» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық бір ауыз сөздің қадірін түсініп, бір ауыз сөзге келмей шешімше келген. | Қазақ халқы сөз қадірін бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және бір ауыз сөздің қадірін жақсы түсінген. |
Жұптық бағалау: жинақы мәтінді төмендегі критериймен бағала.
Бағалау критерийі | № тапсыр ма |
| Балл | ||||
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу | 1 |
|
| ||||
Барлығы 7 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?