Жазудың маңызы мен қызметі. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
3-сабақ
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жазудың маңызы мен қызметі | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Ж8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Жазусыз өркениет болмасы анық , әлемиет дәуір, антикалық дәуір, ресми қағаздар Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Меніңше...., -Атап айтқанда..., -Қысқасын айтқанда.... Жұптық тапсырмада қарым – қатынастың маңызды бір құралы болып табылатын жазу туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды жазу тарихының маңыздылығын түсінуге бағыттайды | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көне жазба ескерткіші туралы алғашқы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта жалқы есімдердің емлесін Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Жұптық тапсырма. Оқушылар мәтінінен алынған дәйексөзді мұқият оқып, одан әрі айтылмақ ойға болжам жасайды.Содан кейін мәтіннің жалғасын толық оқып, жұбыңмен өз болжамдарымен салыстырады. ...Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген. Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуірінен атом дәуіріне дейінгі адамзат мәдениеті жетістіктерінің бәрі жазу арқасында... | Қажетті дәйексөздер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | Мәтінмен жұмыс кезеңі. 1-тапсырма. Алдымен, оқушылар «Жазудың маңызы мен қызметі» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады. Мысалы, Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым – қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу қоғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуін ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен, қарым – қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар... 2-тапсырма. Оқушылар мәтін мазмұнымен толық танысып, негізгі ақпараттарды тапқаннан кейін, төмендегі ақпараттардың дұрыс не бұрыстығын ажыратып, дәйектемемен дәлелдейді.
3-тапсырма. Жаңа білімді игеру Бұл тапсырманы орындауда мұғалім әрекеті басым болады, себебі оқушыларға жинақы мәтін туралы жан-жақты түсіндірілуі қажет. Мысалы, Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру; сөздерді синонимдермен алмастыру; бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру. 4-тапсырма. Оқушылар 1-тапсырмадағы «Жазудың маңызы мен қызметі» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастырады және өзара бағалайды.
Үлгі:
Жұптық бағалау: жинақы мәтінді төмендегі критериймен бағаланады.
Жазудың ең алғашқы түрі, яғни пиктографиялық жазу туралы ақпараттармен танысып, зерттеу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Неге?Неге?Неге? әдісі. Оқушылар шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсіреді. Осы сабақта не үйренгендерін айтып, сөйлемдерін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс. Үлгі: 1-оқушы: Адамдардың қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың маңызы мен қызметі зор. Неге? 2-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?