Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
2 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері
Мәтінмен жұмыс кезеңі
2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қай саланың арнайы терминдері қолданғанын анықта. (Мәтіннің толық нұсқасы)
Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп былай деп жазды: «олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңші?! Оларда әр алуан рулармен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарда шежіресі бар.
Тіпті сол жазушылардың бірталайында Күлтегіннің ежелгі жырларындағыдай жеңілуді білмейтін батыр болғандығы баяндалады. Ол жазуларда хронологиялық тәртіп те бар. Күлтегіннің 16 жастан 47 жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі өміріндегі ерлік қимылдары баян етіледі. Мұнда батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктер жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрылысында ұқсастық бар.
Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.
https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714
3-тапсырма.
Мәтіндерді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің айырмашылықтарын анықта.
1.
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!
Ханымдар мен мырзалар!
Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2… Рас түрік ру–тайпаларынң бұл тұстағы әдебиеті араб әрпімен, араб тілінің ықпалымен жазылды. Бірақ араб әдебиеті болып кетпеді. Өздерінің ежелгі әдебиетінің жалғасы, жаңа жағдайдағы жаңаша өсіп–дамуы болды. Түркі тайпалары мен ұлыстарының ертедегі әдеби нұсқаларынан «Оғыз–Нама», «Мұхаббат нама» деген шығармаларды зерттеген түрколог ғалым А.М.Щербак: «бұлардың алдыңғысы ІХ ғасырға, ұйғыр дәуіріне, екіншісі ХІІІ ғасырға, араб, моңғол билеген дәуірге жатады. Бірақ екеуінің тілдік, әдебиеттік негізі бар. Екеуі бір әдеби дәстүрдің екі дәуірін сипаттайды» дегенді айтады…
Классикалық зерттеулер VI том, Алматы «Жазушы» баспасы
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып шық. Жұбыңмен тор көз ішіндегі сөздерге қосымшаларды жалғап, бос орындарды толықтыр.
Көне Түркі жазулары негізінен .....ғасырлар аралығында ....... және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы .......аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне........ келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы....... таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген ........ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары ........әліпбилерін қолданады.
Манихей дінінің, Венгрия - Чувашия, Ұйғыр жазулары, VI-VIII, Араб жазулары , Латын және Кирилл, Ұлы Түркі қағандығы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?