Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

2 сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері

Оқу мақсаттары

О8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

 

  • стиль түрлерін(публицистикалық және ғылыми стиль) ажыратып талдайды;
  • күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамытады

 Бағалау критерийі

  • публицистикалық және ғылыми стиль ерекшелігін анықтау

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: эпостық баяндау, аңыз

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

-Ғалымның пікірінше...,

- Ең алдымен..

-дегенмен...

Жұптық тапсырмада көне түркі жазуы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды жазба жәдігерлерді құрметтеуге баулиды

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

 Бастапқы білім

Оқушылар көне жазба ескерткіші туралы ақпаратпен таныс. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта күрделі-құрама атауларды Көне түркі жазба ескерткіштері туралы мәтіндерден анықтап, орфографиялық нормаға сай қолданады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Оқушылар төменде берілген тірек сөздер мен сөз оралымдарын басшылыққа алып, жұпта пікірлеседі.

Жұмбақ жазулар, руна жазуы, Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады.

Тақырыпқа қажетті тірек сөздер

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Оқушылар төмендегі мәтінді мұқият оқып, ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қай саланың арнайы терминдері қолданғанын анықтайды.

...Бұл екі түрлі көзқарас ұзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар т.б. арасында алуан түрлі пікір таластарын тудырып келді. Ал, қазір Күлтегін, Білгі қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күдіктенбейді. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі – академик жазушы М. Әуезов болды...

...Бұл жазба жәдігерліктер өзінің мазмұнымен пішіні жағынан емес, ырғаққа, яки ритмге – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделу тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін тұңғыш рет совет ғалымы И.В. Стеблева дәлелдеп шықты. Ол Орхон ескерткіштерінің өлшемі — әрі буын, әрі екпін екені, ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – сол буынмен екпінге негізделеді деген пікір айтты. Мұндай пікірдің теориялық және практикалық мәні зор еді.

2-тапсырма.

Оқушылар жазба жәдігерлер туралы мәтінмен жеке танысқаннан кейін, төмендегі сұрақтарға жауап беріп, түркі жазуның құпиясы жөнінде жұбымен пікірлеседі:

  • М.Әуезов неліктен Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп бағалады?
  • Әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар арасында неліктен көне түркі жазуына қатысты алуан түрлі пікірталастар туындады?

3-тапсырма.

Оқушылар төменде берілген екі мәтінді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің айырмашылықтарын анықтайды.

1-мәтін:

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

2-мәтін:

… Рас түрік ру–тайпаларынң бұл тұстағы әдебиеті араб әрпімен, араб тілінің ықпалымен жазылды. Бірақ араб әдебиеті болып кетпеді. Өздерінің ежелгі әдебиетінің жалғасы, жаңа жағдайдағы жаңаша өсіп–дамуы болды. Түркі тайпалары мен ұлыстарының ертедегі әдеби нұсқаларынан «Оғыз–Нама», «Мұхаббат нама» деген шығармаларды зерттеген түрколог ғалым А.М.Щербак: «бұлардың алдыңғысы ІХ ғасырға, ұйғыр дәуіріне, екіншісі ХІІІ ғасырға, араб, моңғол билеген дәуірге жатады. Бірақ екеуінің тілдік, әдебиеттік негізі бар. Екеуі бір әдеби дәстүрдің екі дәуірін сипаттайды» дегенді айтады…

Классикалық зерттеулер VI том, Алматы «Жазушы» баспасы

4-тапсырма. Оқушылар тор көз ішіндегі сөздерге қосымшаларды жалғап, бос орындарды толықтырады және мәтіннен күрделі-құрама атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына назар аударады.

 Көне Түркі жазулары негізінен .....ғасырлар аралығында ....... және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы .......аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне........ келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы....... таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген ........ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары ........әліпбилерін қолданады.

Манихей дінінің, Венгрия - Чувашия, Ұйғыр жазулары, VI-VIII, Араб жазулары , Латын және Кирилл, Ұлы Түркі қағандығы.

Бағалау критерийі:

Әр жұп өз тапсырмаларын төмендегі критерийлермен бағалайды:

Бағалау критерийі

О8.2.2.1-публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Дескриптор

Білім алушы:

Тіл мәдениетін сақтайды

публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін дұрыс талдап салыстырады

Балл

4

3

Барлығы 7

https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714

Сабақтың соңы

Сұрағы не? әдісі

Оқушылар екі топ құрады. Бүгінгі өтілген сабақты (Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері) қорыту мақсатында бір мысал айтылады да, «Сұрағы не?» деп сұралады. Ал, оқушылар айтылған жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек. Екі топтан екі оқушы шығады, ал мұғалім жауап оқып «Сұрағы не?» деп сұрайды. Бірінші жауап берген оқушы жеңеді де оның тобы бір ұпай алады. Қалған оқушылар ретімен тақтаға шығып, ұтқыр сұрақ қоя білуі керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу