Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


 А мәтіні

 Фантастикалық образ - қиялдан туған -каһарман, өмірде бол-маған және жоқ, тек адамның акиқатқа ұқсас арманында ғана бедерленген бейне; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болмасын, оның ең байырғы түрлерінің бірі — ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегілердегі адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін куәландырса керек.

 Дүние жүзілік көлемде түңғыш фантастикалық қаһарман ретінде Жерден Күнге дейін ұшып барған Икарды атайтын болсақ, қазақ ауыз әдебиетінің де өз келесінде туғызған кереметтері бар. Солардың бірі — Ер Төстік. Бұл образ хақында академик Жұмалиев былай деген: “Халықтың тілегі, арманы — адамның табиғатқа ие болу, табиғатты өзіне бағындыру, адамның күшті болуы, оның қолынан не де болса келетін болуы болса, Ер Төстіктің образы сол тілек пен арманның сәулесі деуге болады. Бұдан шығатын байлау — фантастикалық образ құр қиял ғана емес, көпке ортақ биік мақсаттарға, асқақ армандар мен асыл мұраттарға тамыр тартады.

 Ә мәтіні

 7 «А» сыныбының жалпы жиналысының №1 х а т т а м а с ы

10 қаңтар, 2017 жыл Шымкент қаласы

Төраға : Ә.Қ.

Хатшы: Ә.Б.

Қатысқандар: 23 оқушы

Қатыспағандар: 2 оқушы

Дәлелді себептермен: 2 оқушы

 Күн тәртібінде:

  • Сынып үлгерімі туралы.
  • Наурыз мерекесіне дайындық шаралары.

Тыңдалды:

 Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С.Ә. жан-жақты тоқталып өтті. Сынып белсенділері: Қарлығаш Маханова мен Қанат Боранбаев та бірінші мәселе бойынша сөз алды.

 Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі С.Ә. оқушыларға тиісті тапсырмаларын бөліп берді.

 Қаулы:

 7 «А» сынып оқушыларының жалпы жиналысы қаулы етеді:

  • Сыныпта үздік оқитын оқушылар орташа оқитын балаларға көмек ұйымдастырсын.
  • Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде өткізуге барлық сынып оқушылары жұмылдырылсын.

Жиналыстың төрағасы: _______________ Ә.Қ.

Жиналыстың хатшысы: _______________ Ә. Б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу