Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
Мәтін
Француз жазушысы Альберт Робида өзінің замандасы Жюль Верн секілді танымал болмаса да, футурология бойынша жасаған еңбектері аз емес. Ол өзінің футурологиялық трилогиясының 1-томында болашақта әрбір адам өмірінде қолданыс табатын өнертабыс туралы айтады.
Альберто Робида болашақтағы қоғамның өзгерісі туралы нақты болжам жасайды. Ол жаппай туризмнің дамуын, қоршаған ортаның ластануын, әйелдердің әлеуметтік орнын нақты келтірген. Сондай-ақ жазушы трилогиясының 2-томында болашақта соғыста улы газдар мен зымырандар қолданылатындығын атап өткен.
Робидо 2000 жылдары адамдар өз жүйке жүйелерін тез тоздыратындығын айтқан, ол кезде «депрессия», «созылмалы әлсіздік синдромы» деген терминдер жоқ еді. Ол өз еңбегінде: «20 ғасырда адамдар өздерінің тым белсенді өмірлері кесірінен тез қартаяды және 45 жасында 70 жастағыдай көрінеді», - деген. Бұның себебін жазушы тек нашар экологиядан ғана көрмейді, сонымен қатар тамақтанудың өз құнарлығын жоятындығын да атап өтеді.
Робидтың пікірінше болашақта әрбір үйде міндетті түрде телефоноскоп болуы қажет. Телефоноскоп - телефон мен теледидардың қосындысынан пайда болған гибрид туынды. Мұндай құрылғы 24 сағат бойы жаңалықтар айтуға, ойынға, оқуға, концерттерді тыңдауға, достармен және туысқандармен телеконференция ұйымдастыруға арналады.
Сіздерге көрнекілік ретінде мен жазушы Альберт Робидоның суретші Пьер Джеффардпен бірге салған «2000 жылғы операға серуен» деген суреттерін ұсынып отырмын. Альбер Робиданың болжамдары қазіргі таңда жүзеге асқан ба, ол жағын сіздер шешерсіздер. Алайда әуе бизнесі бірнеше он жылдықтан бері тұрақты түрде қолданыс табуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?