Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

10-бөлім:Ғылыми фантастика

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру

7. ӘТН 1 Орфографиялық норма

Оқу мақсаты

- Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

- Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың

мақсаттары

Оқушының берілген ақпараттар негізінде ой түйіп, өзіндік көзқарасын көркем түрде қағаз бетіне түсіре алу дағдысын дамыту.

Бағалау критерийі:

  • Мақала жаза алады
  • Мақала жазуда тіл көркемділігі, сауатты жазылуы ескеріледі
  • Мақала жазуда сөзін, пікірін дәйектей алады
  • Әңгіме-зерттеу барысында пікір алмаса алады
  • Пікір алмасу барысында бір-бірін тыңдай алады, қарсы пікір білдіре алады
  • Пікірлерін аогументтей алады

Тілдік міндеттер

Жаңа сөздер:

Көзді ашып-жұмғанша, қолы алтын, мұңға бату, көздің қарашығындай қорғау, алды-артына қарау

Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша....

Біріншіден...

Сондай-ақ

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

АКТ дағдылары

презентация

Алдыңғы білім

Ғылыми фантастика: оқылым дағдысы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Қызығушылықты ояту. Сабақтың тақырыбын болжау.

Оқушылардың назарына француз жазушысы Альберт Робидоның «2000 жыл» суреті ұсынылады. Ұсынылған суреттер негізінде оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына болжам жасайды

Бағалау: ерекше пікір айтқан оқушыларға мұғалім тарапынан «Жұлдызша» стикері беріледі және мақтау сөздер айтылады.

Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың

ортасы

10 минут

5 минут

20 минут

Жазылым алды тапсырма:

Бағалау критерийі:

  • Әңгіме-зерттеу барысында пікір алмаса алады
  • Пікір алмасу барысында бір-бірін тыңдай алады, қарсы пікір білдіре алады
  • Пікірлерін аогументтей алады

1. «Әңгіме-зерттеу» әдісі.

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Оқушылардың назарына француз жазушысы Альберт Робидоның «2000 жыл» суреті қайта ұсынылады және сыныптан 1 оқушы осы сурет туралы мұғалім тарапынан берілген мәтінді оқиды. Мәтіндегі деректер негізінде және ұсынылған суреттер бойынша оқушылар өзара пікір алмасады.

Мәтін

 Француз жазушысы Альберт Робида өзінің замандасы Жюль Верн секілді танымал болмаса да, футурология бойынша жасаған еңбектері аз емес. Ол өзінің футурологиялық трилогиясының 1-томында болашақта әрбір адам өмірінде қолданыс табатын өнертабыс туралы айтады.

 Альберто Робида болашақтағы қоғамның өзгерісі туралы нақты болжам жасайды. Ол жаппай туризмнің дамуын, қоршаған ортаның ластануын, әйелдердің әлеуметтік орнын нақты келтірген. Сондай-ақ жазушы трилогиясының 2-томында болашақта соғыста улы газдар мен зымырандар қолданылатындығын атап өткен.

 Робидо 2000 жылдары адамдар өз жүйке жүйелерін тез тоздыратындығын айтқан, ол кезде «депрессия», «созылмалы әлсіздік синдромы» деген терминдер жоқ еді. Ол өз еңбегінде: «20 ғасырда адамдар өздерінің тым белсенді өмірлері кесірінен тез қартаяды және 45 жасында 70 жастағыдай көрінеді», - деген. Бұның себебін жазушы тек нашар экологиядан ғана көрмейді, сонымен қатар тамақтанудың өз құнарлығын жоятындығын да атап өтеді.

 Робидтың пікірінше болашақта әрбір үйде міндетті түрде телефоноскоп болуы қажет. Телефоноскоп - телефон мен теледидардың қосындысынан пайда болған гибрид туынды. Мұндай құрылғы 24 сағат бойы жаңалықтар айтуға, ойынға, оқуға, концерттерді тыңдауға, достармен және туысқандармен телеконференция ұйымдастыруға арналады.

 Сіздерге көрнекілік ретінде мен жазушы Альберт Робидоның суретші Пьер Джеффардпен бірге салған «2000 жылғы операға серуен» деген суреттерін ұсынып отырмын. Альбер Робиданың болжамдары қазіргі таңда жүзеге асқан ба, ол жағын сіздер шешерсіздер. Алайда әуе бизнесі бірнеше он жылдықтан бері тұрақты түрде қолданыс табуда.

Бағалау: оқушылардың жауаптары «Жұлдызша» стикерімен бағаланады.

2. Мұғалім тарапынан оқушыларға «Мақала жазу» тәртібі түсіндіріледі және буын, дыбыс үндестіктерін қайта еске түсіреді.

Жазылым тапсырмасы. Жеке жұмыс.

Бағалау критерийі:

  • Мақала жаза алады
  • Мақала жазуда тіл көркемділігі, сауатты жазылуы ескеріледі
  • Мақала жазуда сөзін, пікірін дәйектей алады

Мұғалім оқушыларға берілген суретті үлкейтіп шығарып бергені дұрыс. Оқушылар ХІХ ғасырда өмір сүрген суретшінің қиялындағы 2000 жылдың қазіргі заманмен сай болуына байланысты мақала әзірлейді (70-80 сөз)

Мақала жазу барысында оқушылар тұрақты тіркестерді орынды қолдана отырып, стильдік ерекшелігін сақтауы тиіс.

  •  Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан төмендегідей тұрақты тіркестері ұсынылады:

Көзді ашып-жұмғанша, қолы алтын, мұңға бату, көздің қарашығындай қорғау, алды-артына қарау

Бағалау: оқушының жазба жұмыс мұғалім тарапынан дескриптор негізінде тексеріліп бағаланады

Дескриптор

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

Әңгіме-зерттеу барысында пікір алмаса алады

1

2

3

Пікір алмасу барысында өз ойын еркін жеткізеді

Пікірін дәлелдей алады

Лексикалық, грамматикалық қателер ескеріледі

1

1

1

Мақала жаза алады

1

2

Мақаланың құрылымы ескерілген

Көркемдегіш құралдар пайдаланылған

1

1

3

Пунктуациялық, грамматикалық қателер жіберілмеген

1

 

 Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №4

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта саған не ұнады?

2. «Балалы үйрек» - ұсыныс. Келесі сабақтың өтілуіне қандай ұсыныс айтар едің?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақта саған не қиын болды?

5 «Кішкентай бөбек»- Көңіл-күйіңді тұрақты сөз тіркесімен білдір

Үйге тапсырма:

Шетелдік және қазақстандық ғылыми фантастикалық шығармалардың тізімін жазып келу.

Слайд №5

Қосымша ақпарат

Дифференциация

1-тапсырмада:

- әңгіме-зерттеу барысында қабілті жоғары оқушылар көшбасшылық танытса, қолдауды қажет ететін оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен білім алмасып, жазылым жұмысына бір табан дайын болады;

2-тапсырмада:

- оқушыларға қолдау ретінде суреттер мен тірек сөздер ұсынылады;

- ұсынылған мәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес.

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Жұптар бір-бірін «Жұлдызшалар» арқылы мұғалім тарапынан бағаланады және мақтау сөздер авйтылып отырады.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланысады

АКТ-мен байланыс

Презентация, аудио

Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу