Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

10-бөлім. Ғылыми фантастика

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау.

ӘТН3 Лексикалық норма.

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау.

Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Бағалау критерийі:

  • Мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын түсенеді
  • Жаңа сөздердің баламаларын таба алады
  • Жаңа сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрай алады
  • Берілген тақырып аясында өзара пікіралмаса алады

Тілдік мақсаттар

Қыстырма сөз: біріншіден, екіншіден, қорыта айтқанда, сірә, меніңше, өкінішке орай, бақытыма қарай, әлбетте

Қаратпа сөз: мырза,құрбым, замандас т.с.с

Мектеп құндылықтары

Құрмет және ынтымақтастық

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғылыми фантастикаға кіріспе

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту

5

минут

Қызығушылығын ояту. «Ойлан тап!»

Берілгелі отырған мәтіннің тақырыбы осылай жасырылады. Оқушылар өздері тауып оқиды. Бұл әдіс балалардың тақырыпқа қызығушылығын арттырады.

Ррбоотта еекөдш кжмеүр (Роботтар көшеде жүрмек)

Мұғ.арн.нұсқау.

Оқулық

Сабақтың ортасы.

Мәтінмен жұмыс

10 минут

15 минут

10 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады. Әр оқушы өз алдарына мақсат қояды. Сабақ соңында мақсатқа жеткен-жетпегені туралы сұралады.

Роботтар көшеде жүрмек

 1987 жылы көгілдір экранға шыққан ғылыми-фантастикалық "RoboCop" ("Робокоп") фильміндегі робот-тəртіп сақшысы жақын арада мегаполис көшелерінде пайда болуы мүмкін. Флорида университетінің ғалымдары қашықтан басқарылатын осындай роботты құрастырып шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл жобалау жұмысына АҚШ əскери-теңіз флотының мамандары да қатысуда. Бұл жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі тəртіп сақшылары басқара алатындай робот жасап шығару болып отыр. Қазіргі замандағы барлық өндірісте жəне күнделікті өмірде роботтардың рөлі артып келе жатқанын ескерсек, бұл "тəртіп сақшысын" да болашақта көшелерден көріп қалып жатсақ, таң қала қоймаспыз. Ғалымдар робот-тəртіп сақшысы парковка талондарын беру жəне 911 құтқару қызметінің қоңырауларына жауап беру мен оған сай əрекет ету сияқты қызметтерді жасауы мүмкін деп топшылап отыр. RoboCop-тың нақты қандай кейіпте болатыны əзірге белгісіз. Бірақ, АҚШ əскери-теңіз күштері өкілінің айтуы бойынша, адамдар бұйрыққа бірден бағынуы үшін роботтың сыртқы түрі полиция қызметкеріне ұқсас болуы керек. Шын мəнінде, сіз роботқа емес, оны басқарушы полицияға бағынған боласыз. Бұл тапсырмалардың орындалуы өте күрделі болғанымен, зерттеушілер өз жобаларының нақты шешімін тауып, халық игілігіне пайдаланатынына сенімді.

 

1-тапсырма. Мына сөздердің синонимін тап

  • Кейіпте –
  • Болашақ-
  • Барлық-
  • Әзірге-
  • Орындау-

2-тапсырма. Оқушылар өздері тапқан синонимдерді қолдана отырып, мәтін мазмұнын 5 сөйлеммен жалғастырады. Мысалы: RoboCop-тың нақты қандай бейнеде болатынын мамандар ашып айтпай отыр.

Жұптық жұмыс.

«Ғарыштағы демалыс» тақырыбында мына сөздерді қатыстырып, оның артықшылығы мен кемшіліктері туралы бір-бірімен пікірлеседі.

Керекті сөздер, сөз тіркестері:

Кейіпкерлер

Сен, сенің досың, келімсек, ғарыш жаратылысы, құбыжықтар, астронавттар.

Оқиға орны

Планета, болашақ, өткен шақ, джунгли, шөл, үңгір.

Сюжет

Ғарышта адасқандар; БҰН-мен кездескендер; Уақыт бойымен болашаққа өткенге сапар шеккендер; Жаңа планета ашу.

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

1

Мәтінді түсінеді

1

2

Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді

1

3

Жаңа сөздердің баламаларын табады

1

4

Жаңа сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрайды

1

5

Берілген тақырып аясында пікіалмасады

6

Пікірлерін дәлелді, жүйелі жеткізеді

Сабақтың соңы

минут

5 минут

Кері байланыс

Мақсат арқылы сабақты қорыту

«Ғарыштағы демалыс» тақырыбында тұрақты сөз тіркестерін қолдана отырып, әңгіме жазып келу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу