Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі №5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

10-бөлім. Ғылыми фантастика

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О6 Оқылым стратегияларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Бағалау критерийі:

  • Жағдаятқа ене отырып, өзіндік пікірін білдіре алады
  • Мәтінді түсінеді
  • Мәтіндегі негізгі ақпараттарды таба алады
  • Бір-бірінің жұмыстарына пікір білуідре алады

Тілдік мақсаттар

Қыстырма сөз: біріншіден, екіншіден, қорыта айтқанда, сірә, меніңше, өкінішке орай, бақытыма қарай, әлбетте

Қаратпа сөз: мырза,құрбым, замандас т.с.с

Мектеп құндылықтары

Құрмет және ынтымақтастық

Осыған дейін меңгерілген білім

Ғылыми фантастикаға кіріспе

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту

5 минут

Қызығушылығын ояту.

Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?

Жауабы: Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғаны үшін жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтыны үшін ызыңдаған дыбыс естілмейді.

http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.8BAXnZh8.dpuf

Сабақтың ортасы.

Жағдаят

5 минут

«Марс тұрғыны»

15 минут

Тапсырма

15 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады. Әр оқушы өз алдарына мақсат қояды. Сабақ соңында мақсатқа жеткен-жетпегені туралы сұралады.

Оқылым алды тапсырма

Жағдаят

Сіз зерттеу тобымен бірге Марсқа аттанбақшы болдыңыз. Бір айдан соң Қызыл ғаламшарға ұшпақшысыздар, дайындық қамына кірісу керек.

Сұрақ:

  • Өзіңізбен бірге не аласыз?
  • Өзге ғаламшарда өмір сүруге бейімделу үшін не істейсіз?
  • Ол жаққа немен, қалай барасыздар?

Оқылым тапсырмасы

Мәтінді оқып мәтін бойынша негізгі ақпараттарды іріктеңіздер.

«Марс тұрғыны» фильмінің ғылыми негізі

Голливудтың «Марс тұрғыны» фильмі осыдан бір апта бұрын әлемдік прокатқа шықты. Кино өндірісінің сыншылары аталған фильмнің сәтті түсірілгенін айтады. Ал ғылыми тұрғыдан қарасақ мұнда кейбір қателіктерге жол берілгенін байқаймыз. Негізгі мамандығы бағдарламашы болған америкалық Энди Уир «Марс тұрғыны» кітабын жазу үшін үш жыл уақытын жұмсаған. Ол сол уақытта астрономия, физика және биологияны тереңінен оқып, кітапты сюжетін ғылыми-фантасика жанрына бейімдеуге тырысқан. NASA ғалымдары «Марс тұрғыны» фильмін ғарыш саласына қызығушылық танытқан әуесқойларға арналып түсірілгенін айтады. Себебі картинадағы сюжетте шындыққа жанаспайтын эпизодтар көп кездеседі. Мысалы, шаңды боран (Қызыл ғаламшарда атмосфера жоқ), радиациядан қорғану (Марстағы радиация күші теріде пайда болатын қатерлі ісікке алып келеді) т.б. Фильмде көрсетілген аппараттардың басым бөлігі қазіргі кезде NASA зертханаларында дамытылып жатыр. Тек кейбір зымыран құрылымдары әзірге теориялық жоба ретінде тіркелген. Айта кетсек, бүгінгі таңда ғалымдар алыс сапарға ұша алатын зымыранның құрылымын дайындауды мақсат етіп отыр.

Ваакумда скафандрмен қозғалу салыстырмалы тұрғыдан белгілі бір қиындықтарды тудырады. Мысалы, арнайы киім жердегі атмосфераның күйін қалыпты сақтау үшін ауа қысымын ішкі айналымда ұстап тұрады. Скафандр екі жақты қысымның әсерінен қатты тығыздыққа ие болады. Содан кейін бұл процесс адамның қозғалысын қиындатып жібереді. Ал фильмде ғарышкерлердің емін-еркін қозғалысқа жүргенін көреміз. Бұл мәселе NASA агентігінде әзірге дейін талқыға салынып келеді. Америкалық ғалымдар бармақтарды жылдам қозғалту үшін ыңғайлы қолғап матасын жасауды ойластырып жатыр.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Тапсырма: Мәтінді бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығына комментарий жасаңыз.

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

1

Ойын жүйелі жеткізеді

2

Тиісті ақпараттарды іріктейді

3

  • Бір-біріне пікір білдіреді

4

Кейбір сөздерге түсінік береді

Таратпа қағаз

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма

Кері байланыс

Марс тұрғынын қалай елестетемін? Сурет салып келу

Үлестірмелаі қағаз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу