Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

10-бөлім:Ғылыми фантастика

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу.

Оқу мақсаты

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Сабақтың

мақсаттары

Оқушыларды:

-топта жұмыс жасауға;

- сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға;

- өз ойларын жүйелі жеткізуге, ойларын сараптауға дағдыландыру

Бағалау критерийі:

  • Пікірлерін дұрыс қорытындылай алады
  • Пікірлерін қысқа сөйлеммен жеткізе алады
  • Мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырып,берілген сұрақтарға жүйелі жауап бере алады
  • Сұраққа жауап беру барысында жауаптарын өмірмен байланыстыра алады
  • Сурет негізінде ойын дәйекті жеткізе алады
  • Жауаптарын бүгінгі тақырыппен және өмірмен байланыстыра алады

Тілдік міндеттер

Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша....

Біріншіден...

Сондай-ақ

Пәнаралық байланыс

экономика

АКТ дағдылары

Видео, презентация

Алдыңғы білім

Ғылыми фантастика: оқылым дағдысы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың назарына «Алладиннің сиқырлы кілемі» мультигінен суреттер көрсетіледі

Түрткі сұрақтар:

1. Алладиннің сиқырлы кілеміне барлығы таң қалуда, қазір адам аспанда ұша алады дегенге таң қаламыз ба?

2. Қазіргі кезде адам баласы аспанда қалықтап ұша алуы үшін нендей техникаларды білесіңдер?

3. Адамның қиялы әлемді өзгерте алады дегенге келісесіңдер ме?

4. Аспанда қалықтап ұшуға болатын көлік туралы естулерің бар ма?, т.б.

Бағалау: өзіндік ойын еркін, жүйелі жеткізе алған оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау, мақтау сөздер айтылады.

Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.

Алладиннің сиқырлы кілемі

Сабақтың

ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

5 минут

Оқылымалды тапсырма

Бағалау критерийі:

  • Сурет негізінде ойын дәйекті жеткізе алады
  • Жауаптарын бүгінгі тақырыппен және өмірмен байланыстыра алады

Сурет негізінде ойын дәйекті жеткізе алады

 

 

 

 

Суретке қарап берілген көлікке сипаттама беріңіз. Осы сынды көлік түрі қаншалықты маңызды?

Оқылым тапсырмасы.

Бағалау критерийі:

  • Мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырып,берілген сұрақтарға жүйелі жауап бере алады
  • Сұраққа жауап беру барысында жауаптарын өмірмен байланыстыра алады

Мәтінді оқып мәтін бойынш проблемалық сұрақ әзірлеңіз.

Ғылыми-фантастика жанрында үнемі сөз етілетін ұшатын көліктер қол жетімсіз болып көрінетін. 1989 жылы экрандалған «Болашаққа қайту 2» кинокартинасы 2015 жылы қоғамда аэромобильдердің пайда боларын дәйектеген еді. Әзірге бұл үдеріс көрініс тапқан жоқ. Дегенмен сенімді өзіне артқан AeroMobil компаниясы көкте ұшатын көліктерді 2017 жылға қарай шығаратынын мәлімдеді.

Өткен жылдың қазан айында словакиялық AeroMobil компаниясының басшысы Юрай Вацулик аэромобиль шығару жоспары туралы ақпарат берген болатын. Ал, кеше АҚШ-тың Остин каласында өткен South by Southwest фестивалінде екі жылдан кейін жаппай сатылымға шығатын аэромобильдің соңғы моделі таныстырылды.

Аэромобильдің қарапайым көліктен басты айырмашылығы оның жиналатын қанаттарында болып отыр. Компания көліктің корпусын барынша жеңіл материалмен дайындауға тырысуда. Қазіргі кезде AeroMobil ұшатын көлікке қозғалтқыштарды тәжірибеден өткізіп жатыр. Одан кейін краш-тесттен өтетін болады.

Бұдан бөлек, словакиялық компания жаңа транспорттың қолданысқа енуі үшін ресми рұқсат алуы керек. Себебі, көліктің еш кедергісіз белгілі бір бағытпен ұшуы үшін, алдымен оған арналған инфрақұрылым болуы қажет. Ғаламтордағы ресми ақпаратқа орай, аэромобильдер ұшақтың ұшу жүйесі мен әуежай қызметтерін пайдаланады. Дегенмен болашақта бөлек қону аймақтарын салу жоспарланған. Вацулик бірінші Еуропалық Одақтың келісімін алып, сосын жаппай сатылымды 2017 жылдан бастауға үмітті екенін айтады.

Алғашқы Flying Roadster моделі бензин негізінде жұмыс істейтін қозғалтқышпен жүреді. Көліктің қонуы немесе ұшуы үшін 300 метрлік жолақ жеткілікті болмақ. Ал оның әуедегі ең жоғары жылдамдығы – сағатына 200 шақырым, ал жердегі – 160 шақырым. Одан бөлек, ұшу шектеуі 650 шақырымнан аспайды.

«Бізге жаңа төңкеріс қажет, әсіресе жаңа технология заманындағы төңкеріс», - дейді компания басшысы Вацулик. Егер Flying Roadster сатылымы жоғары нәтижеге жететін болса, AeroMobil ұшқышсыз басқарылатын ұшатын көлік түрін шығару жобасын жүзеге асырады.

  • Топтық жұмыс. «Проблемемен саудалас» әдісі

Оқушылар өздері құраған сұрақты қорапқа салады, топтан бір спикер шығып қораптан 5 сұрақ алып топта талдап, сұрақтарға жауап береді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Бағалау критерийі:

  • Пікірлерін дұрыс қорытындылай алады
  • Пікірлерін қысқа сөйлеммен жеткізе алады

«ПОПС» формуласы. Топтық жұмыс.

1. Пікір. Мәтіннің жеке эпизодтары бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен білдіріңіз.

2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір, екі сөйлеммен дәлелдеңіздер.

3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.

Дескриптор

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

Сурет негізінде ойын дәйекті жеткізе алады

1

2

3

Сурет бойынша пікірін білдіреді

Пікір білдіруде сөзін дәйектейді

Креативті ойлар ұсынады

1

1

1

Мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырып,берілген сұрақтарға жүйелі жауап бере алады

1

2

3

Күрделі сұрақтар құрастырады

Сұраулы сөйлемдердің құрылысы ескерілген

Берілген сұрақтарға нақты, аргумент келтіре отырып жауап береді

1

1

1

Пікірлерін қорытындылай алады

1

2

3

Мәтін негізінде пікірлерін бір сөйлеммен береді

Өз пікірлерін 2 сөйлеммен дәлелдейді

Пікірлерін өмірмен байланыстырады

1

1

1

4

Пікірлері негізінде қорытынды шығарады.

1

Таратпа қағаз

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Үйге тапсырма: оқушылар қиялдарына ерік беріп әңгіме жазып келеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

«Бұрыш» стратегиясы, «Проблемамен саудаласу», «ПОПС формуласы» әдістері қабілеті жоғары оқушыларды көшбасшылық тануға, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ аталған әдістер қолдауды қажет ететін оқушыларға қабілеті жоғары оқушылардан қажетті ақпараттарды алуға, өздігінше қолдана алуға мүмкіндік береді.

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Әрбір тапсырма сайын оқушылардың жауаптары мұғалім тарапынан «Жұлдызша» стикерімен бағаланады.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланысады

АКТ-мен байланыс

Презентация, аудио

Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу