Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

10-бөлім:Ғылыми фантастика

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Ж4 Эссе жазу

Оқу мақсаты

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Сабақтың

мақсаттары

Оқушылардың алдыңғы білімдерін еске түсіре отырып, жазылым тапсырмасын орындау барысында қолдана алуға бейімдеу, сондай-ақ өзгелердің пікірлерін жазылым тапсырмасында салыстыра отырып сөздерін дәйектеуге дағдыландыру.

Бағалау критерийі:

  • Эссенің құрылымын сақтап жаза алады
  • Лексика-грамматикалық, пунктуациялық қателер ескерілген
  • Ойын жүйелі, дәйекті жеткізе алады
  • Ұсынылған пікірлерге аргументтер ұсына алады
  • Берілген тақырып аясында жауап бере алады

Тілдік міндеттер

Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері:

Менің ойымша....

Біріншіден...

Сондай-ақ

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

АКТ дағдылары

презентация

Алдыңғы білім

Ғылыми фантастика: оқылым дағдысы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Шеңберде «Ғылым», «Фантастика жанры», «Қиял-ғажайып» тақырыбына қатысты сөздер, сөз тіркестерін, тұрақты сөз тіркестерін айтады.

Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

10 минут

30 минут

Жазылымалды тапсырма

Бағалау критерийі:

  • Ұсынылған пікірлерге аргументтер ұсына алады
  • Берілген тақырып аясында жауап бере алады

«Бұрыш» стратегиясы

Төмендегі пікірлер сыныптың 3 қабырғасына ілінеді:

  • «Ғылыми-фантастикалық жанр қазіргі қоғамға қажет. Себебі...»
  • «Ғылыми-фантастикалық жанр баланың психологиясына кері әсер етуі мүмкін, сондықтан бұл жанрды дамытудың қажеті жоқ»
  • «Екі ойлымын»

Оқушылар берілген тұжырымдардың бірін таңдап, өз көзқарасын дәлелдеуі үшін аргументтер ұсынады.

Бағалау: Мұғалім ерекше пікірлер, нақты аргументтер келтіре алған оқушының жауабының тұсына «Басбармақ» стикерін жабыстырып кетеді.

Жазылым тапсырмасы:

Бағалау критерийі:

  • Эссенің құрылымын сақтап жаза алады
  • Лексика-грамматикалық, пунктуациялық қателер ескерілген
  • Ойын жүйелі, дәйекті жеткізе алады

Оқушылар төменде көрсетілген 3 пікірдің қайсысымен келісті, сол тақырып аясында эссе жазады (70-80 сөз)

  • Ғылыми-фантастикалық жанр қазіргі қоғамға қажет
  • Ғылыми-фантастикалық жанр баланың психологиясына кері әсер етуі мүмкін, сондықтан бұл жанрды дамытудың қажеті жоқ
  • Ғылыми-фантастикалық жанр бір жағынан қажетті дүние болса, екінші жағынан кері тұсы да бар.

Бағалау: Эссе соңында оқушылар дәптерлеріне эссені жазудағы өзінің артық және кем тұстарын жазады. Мысалы: мен эссе жазуда эссенің мына тұстарын толық жаза алдым, ал керісінше мына тұсын түсінбедім, не болмаса ойымды толықтай жеткізе алмадым, т.б..

Дескриптор

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

«Басбармақ» стикері

Ұсынылған пікірлерге аргументтер ұсына алады

1

2

3

Берілген пікір бойынша өзіндік көзқарасын білдіре алады

Пікірін түсінікті, жүйелі жаза алады

Пікір білдіруде аргументтер қолданыла алады

1

1

1

Эссе жаза алады

1

2

Эссенің құрылымын сақтайды

«Бұрыш» стратегиясындағы ақпараттарды орынды қолданады

1

1

3

Ойын жүйелі жазады

1

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

  •  «Бұрыш» стратегиясындағы келтірілген пікірлер, аргументтер эссе жазуда қаншалықты көмегін тигізді?
  •  Эссе жазуда сыныптастарың тарапынан не мұғалім тарапынан қандай көмек болғанын қалайсың?

Үйге тапсырма: ғылыми-фантастикалық жанр туралы газет-журналдардан ақпарат жинап келу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Қолдауды қажет ететін оқушылар «Шеңбер» және «Бұрыш» стратегиясы негізінде өздеріне көп ақпарат алады. Бұл оқушыларға эссе жазу барысында көп көмегін тигізеді. Ал қабілеті жоғары оқушылар өз білімдерімен алмасу негізінде көшбасшылық танытады.

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Сабақ барысында бағалаудың екі түрі жүзеге асады: мұғалім тарапынан оқушылардың жауаптары «Басбармақ» стикері арқылы және оушының өзін-өзі бағалауы арқылы.

Пәнаралық байланыс

Музыка пәнімен байланысады

АКТ-мен байланыс

Презентация, аудио

Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу