Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 11 сабақ.
Ертегі
Мәтіннің 1-бөлігі. Ертеде бір өлкенің өте ақылды және ақ көңіл патшасы болыпты. Бұл патшаның жапанда жалғыз ұлы болыпты. Патша ұлын жанынан да жақсы көріпті. Бұны білетін сарайдағылар патшаға жағу үшін кішкене бекзаданы мақтай береді екен. Біреулері «жер жүзінде біздің бекзададан асқан әдемі бала жоқ» десе, басқалары «дүниенің ең ақылды баласы» екендігін айтыпты. Енді біреулері оның қабілетін мақтап бітіре алмайды екен. Уақыт өте келе кішкене бекзада айтылғандардың бәріне сене бастапты. Дүниеде өзінен асқан ақылды және қабілетті бала жоқ деп ойлайтын болыпты. Мұны естіген патша қатты қайғырыпты. |
Мәтіннің 2-бөлігі. Баласының шынымен де бүкіл балалардан жоғары екендігін көз жеткізу мақсатында балалардың арасында жиі-жиі сурет салу, әңгіме және ән айту жарыстарын ұйымдастырыпты. Бірақ бұл кезде де патшаның көңілінен шықсын деп әділ қазылар алқасы жүлдені патшаның ұлына беріпті. Ат жарысында да қазылар алқасы атқа жақсы мінетіндерге бекзададан озып кетпеулерін ескертіп тағы да бас жүлдені кішкене бекзадаға беріпті. Ақыры ұлының барлық балалардан жоғары екендігіне патшаның көзін жеткізіп сендіріпті. Бір күні патша қырға серуендеуге шығыпты. |
Мәтіннің 3-бөлігі. Бір уақытта құлағына жағымды бір сыбызғы әуені келіпті. Сыбызғыны өте әдемі тартқаны соншалық, патша шыдай алмай әуен шыққан жаққа қарай барыпты. Қараса, бір кішкене шопан әрі малын жайып, әрі сыбызғысын тартып отыр екен. Патша шопанға: - Сыбызғыны керемет тартады екенсің, менің ұлыма үйрете аласың ба? – деп сұрапты. Шопан: - Әрине, қуана-қуана үйретемін, - депті. Патша кішкене шопанды сарайына алып келіпті. Шопан бала мен бекзада тез тіл табысып, дос болып кетіпті. Шопан бекзадаға сыбызғы тартуды үйрете бастапты. Бірақ бекзада қаншалықты тырысса да, сыбызғыны шопан сияқты керемет тарта алмапты. |
Мәтіннің 4-бөлігі. Бір күні бекзада ренжіп, шопанға: - Сен маған сыбызғы тартуды жақсы үйрете алмайсың, - деп айқайлапты. Шопан болса: - Мен жақсы үйретіп жатырмын, бірақ мұны үйрету үшін уақыт керек. Бірден үйрету мүмкін емес, - деп жауап беріпті. Бекзада: - Мен басқаларына ұқсамаймын. Бәрін тез үйренемін. Өйткені жер бетінде менен асқан қабілетті, менен асқан ақылды ешкім жоқ, - деп, салған суреттері мен әңгімелерін шопанға бір-бірден көрсете бастапты. Шопан бәрін де ұнатыпты. Бекзада мұнымен де қоймай, атына мініп түрлі-түрлі өнер көрсетіп, шопанға: «Сен осылай атқа мінген біреуді көрдің бе?» - деп сұрапты. Кішкене шопан: «Шынында да атқа жақсы мінеді екенсіз. Бірақ біздің ауылда атқа сізден де жақсы мінетін біреу бар», - депті. Бекзада алғаш рет өзін басқалардан жоғары санамаған біреумен кездескеніне ашуланып, шопанмен сөйлеспей қойыпты. Бекзаданың шопанға ренжігенін көрген басқа балалар да шопанға ренжіпті. Оны жасағандары үшін кінәлап, сарайдан қуып жіберу мақсатымен патшаның құзырына барып: - Қадірлі патшамыз, алып келген шопаныңыз бекзаданы қызғанып, оның жасағандарын ұнатпай ренжітеді. Шопанды бұл жерден қуып жіберсек дұрыс болар еді, - депті. Патша кішкене шопанды құзырына шақыртып алып бекзаданы неге ренжіткенін сұрапты. Шопан: |
Мәтіннің 5-бөлігі. - Ұлы мәртебелі тақсыр! Маған сұрақ қойылмай, ойымды ашық айт алмаймын. Бірақ сұрақ қойылған кезде дұрыс жауабын айтамын. Бекзадаға шын жамандық жасағандар оған жалған сөйлегендер. Бүгінге дейін оған жалған сөйлегендері үшін бекзадамыз өзін басқалардан жоғары санап, қабілеттерін әрі қарай дамытпаған. Егер олар шындығын айтқан болса, бекзадамыз көп жұмыс істеп бәрінен де жоғары тұрған болар еді, - деп жауап беріпті. Кішкене бекзада болса: - Мен бәрібір де басқаларынан жоғары тұрмын. Сенен де күштімін. Ешқандай бала менімен күресе алмайды. Қаласаң кел, сенімен де күресіп көрейін, - депті. Шопан: - Жоқ, олай болмайды. Мен қарапайым бір шопанмын. Сізбен күрескім келмейді, - депті. Бірақ патша шопанға бекзадамен күресуге бұйрық беріпті. Шопан әп-сәтте бекзаданы алып жығыпты. |
Мәтіннің 6-бөлігі. Міне, сол кезде бекзада шопанның айтқандарының дұрыс екенін түсініпті. Сол күннен бастап тек шопанның сөзіне сеніп, онымен жақсы дос болыпты. |
Не болды? | Не болады? | Дәлел | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?