Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 12 сабақ.
Күні: ___________ Сынып:_______ Оқушының аты-жөні:______________________
Қалыптастырушы бағалау
7 О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
Бағалау критерийі:
- Мәтінді түсінеді
- Мәтін негізінде ұсынылған пікірдің бірін таңдап дұрыс жауап бере алады
- Ойын жүйелі жеткізе алады
- Проблемалық сұрақтарды құрастыра алады әрі өз жауабына кіріктіре алады
Оқылым мәтіні
Атам заманнан адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға
қатысуы, қорқынышты жағдайларға ұшырауы, кейбіреулердің сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттер мен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім. Түс көрсек, ата-әжелерімізге жорытып, болашағымызға болжамдар аламыз. Түстің құдіреттілігі әдебиетте де айтылады. Эпостарда баяндалатындай батырларт жорыққа аттанар алдында түс көріп, шайқаста жеңіске жетер, жетпейтінін алдын ала пайымдаған. Бұдан өзге шет елден қалаған түсіңізге тапсырыс беріп, оны көруге мүмкіндік беретін құрылғыларды табуға болады. Осы секілді жетістіктерге қарамастан, түстің не екеніне ресми түрде дәл анықтама берілмей отыр. Олай болса "Түс - шындық па, қиял ма?" деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Адамның бір түнде көретін түсінде оқиғалар толығымен баяндалмайды.и Материалистердің айтуынша, түс дегеніміз – ми функцияларының бірі ғана, яғни адам ұйқыға кеткен кезде ми сөніп, жалған қиялға сене бастайды. Өкінішке орай, бұл да дәл анықтама емес, себебі ұйқыға кеткен ми ойда жоқ картиналарды қалай көз алдымызға әкеле алады? Мұнымен қатар, бір түс шындыққа жанасса, енді бірде адам сенгісіз күйде болады. Мысалы, үйіңіздегі бөлмелердің орны ауысады немесе сіз бұрын-соңды жақсы танитын адамдар өздеріне ұқсамайды немесе өміріңізде мүлдем көрмеген бейтаныс адамдар кездеседі. Жауаптарға қарағанда сұрақтар тым көп, дегенмен жауабын іздеп көруге болады. Материяны бірінші орынға қойып, сананы шетке ысыратын материалистердің бұл сұраққа жауабын білдік. Енді идеализм не дейтінін анықтап көрейік. Олар айналамыздағы жаратылыстың, заттардың барлығының санамызда пайда болып, өмір сүріп жатқандығын айтады. Бұл тұжырымды теріске шығаратындар да аз емес.
Өмірде кез келген нәрсенің екі жағы бар. Ғалымдардың жылдар бойы дәлелдеп келе жатқанын бір сәтте-ақ теріске шығарып немесе шындыққа айналдырып жіберуге болады. Себебі қай тұжырымда болмасын екі жаққа да тиесілі қасиеттер бар. Ал бұл туралы сіз қалай ойлайсыз?
Тапсырма: Төменде берілген екі пікірдің бірін таңдап, мәтіндегі ақпараттарға және өзіндік қосымша ақпараттарына сүйене отырып, дәлелдеп жазады. Өзіндік көзқарасын жазу барысында екінші қарсы пікірге тойтарыс беретін проблемалық сұрақтар құрастырады. Проблемалық сұрақтар өз пікірін білдіру барысында ұтымды кіріктіріп кетіу қажет.
Менің ойымша, түс – қиял, себебі ... ______________________________________________
Менің ойымша, түс – шындық, себебі ...___________________________________________
Тапсырма № | Дескриптор | Жұлдызша |
1 | Мәтінді түсінеді | 1 |
2 | Мәтін негізінде қойылған пікірдің бірін таңдап, дұрыс жауап береді | 1 |
3 | Ойын жүйелі жеткізеді | 1 |
4 | Өз пікірінде проблемалық сұрақтарды кіріктіреді | 1 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?