Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 10-бөлім:Ғылыми фантастика | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып:7 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қиялдың технологияның қарыштап дамуына әсері | ||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу. | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты | Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтінді талдау арқылы оқушылардың ұжымда өзара білім алмасуларына, өзіндік пікірлерін білдірулеріне, бір-бірін тыңдауға дағдыландыру. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Пікірлерін айту барысында қажетті сөз тіркестері: Менің ойымша.... Біріншіден... Сондай-ақ | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | астрономия | ||||||||||||||||||||
АКТ дағдылары | Презентация, бейнеролик | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Ғылыми фантастика: тыңдалым дағдысы | ||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Қызығушылықты ояту: Оқушылардың назарына «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» бейнеролигі ұсынылады. Бейнеролик негізінде оқушылар қазіргі таңда Қазақстанның технологиялық жаңғыруына өзіндік көзқарастарын білдіріп, пікірлерін талқыға салады. Сабақтың тақырыбы айтылады және сабақтың мақсаты, сабақтың құрылымы таныстырылады. | https://www.youtube.com/watch?v=sT6L9_04t6E 1-2-3-слайдтар | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 15 минут 5 минут | Мәтін. Қиял шындыққа айналды Көрерменмен қауышқанына осы айда 50 жыл толғанына қарамастан, «Star Trek» яғни «Жұлдызды саяхат» киносы ғылыми фантастика елестетіп көрмеген белестерді бағындырды. 13 фильм, алты телесерия, үлкен көлемде шыққан кітап, ойын мен спин-оффтары миллиондаған жанкүйер жинап, адамзатты жаңа технологияларға шабыттандырды. Сондай-ақ ол поп мәдениеттің жарқын мысалына айналды. Жетістіктің сыры неде? «Шынайы ғылымға негізделген сюжетте», – дейді астрономия мен болжау технологиясы атты жаңа кітап сериясының авторы Эндрю Фазекас. Оның айтуынша, «Star Trek» ғылыммен тоғысып қана қоймай, адамның ғаламды тануға деген туа бітті қасиетін оята білді. Берклидегі Калифорния университетінің планета зерттеушісі, 2009 жылы түсірілген фильмнің кеңесшісі Каролин Порко – бұл франшизаның алғашқы жанкүйерлерінің бірі. Ол үшін «Star Trek» утопиялық көзқарасқа оптимизммен соққы жасап, шалғай өмірдің бар екендігіне көз жеткізеді. NG журналисі Эндрю Фазекас «Star Trek» астарында жатқан астрономия мен технологиялар жайлы толыққанды зерттеуін қағазға түсірді. «Жұлдызды жолдағы» комбадждардың шын өмірдегі прототипі – смартфондардың біздің өмірге етене араласқанына біраз болды. Енді тіпті қолға ұстамай-ақ сөйлесуге мүмкіндік беретін жабдықтар нарықта үлкен сұранысқа ие. Технология қарыштап дамыған сайын тағып алп жүре беретін құралдар барлық жерде табыла бермек.
Оқылым алды тапсырмасы. Бағалау критерийі:
« Сократ курсы»
Оқылым тапсырмасы. Бағалау критерийі:
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Тапсырма соңында мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі: Семинар соңында мұғалім оқушылармен әңгімелеседі: -Шеңбер жасап отырғанда өздеріңді қалай сезіндіңдер? - Неге кей сұрақтар нақты болмай жатты? -Кім өзінің сұрақтарын қойып үлгермеді? Неге олай болды деп ойлайсыңдар? (Болжам: Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, мәтінді мұқият түсініп оқу керектігін мойындайды, атүсті оқығандықтан сұрақтарды құрастыру қиындық туғызатынын біледі. Сұрақ құрау да үлкен жауапкершілікті талап ететініне келіседі. Егер мәтін мазмұнын жете түсінген жағдайда, талқылауға түсу анағұрлым жеңіл болатынын аңғарады).
| Таратпа қағаз 4-слайд 5-слайд 6-слайд | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Бүгінгі сабақты смайликтер арқылы бағалау | 7-слайд | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Дифференциация Сократ семинары әдісі негізінде орындалатын тапсырма қолдауды қажет ететін оқушыларға да, қабілеті жоғары оқушыларға да арнайы құрылған. | Бағалау Сабақ барысында бағалаудың үш түрі жүзеге асырылады: 1)Дескриптор талаптарына сәйкес оқушылар тапсырманы орындаған тұсқа «+» белгісін қойып өзін-өзі бағалайды; 2) Дескриптор негізінде тапсырма соңында мұғалім тарапынан оқушыларға кері байланыс беріледі 3) Смайликтер негізінде оқушылар бүгінгі сабаққа бағасын береді. | Пәнаралық байланыс Астрономиямен байланысады АКТ-мен байланыс Презентация, бейнеролик Сабақ барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары жүзеге асырылады. | |||||||||||||||||||
Рефлексия |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?