Егер мен. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация.
МЕН ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛСАМ...
Ертегідегідей қолыңызға алтын балық түсіп, 3 тілегіңізді сұраса не сұрар едіңіз?
Мәтінмен жұмыс
Мәтін тақырыбы мазмұнымен сай ма? Сіз бұл мәтінді қалай атар едіңіз
Мәтінде кейіпкерлер қалай сипатталған?
Оқиға қалай баяндалады?
Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған?
Сюжетке сіз қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
Жақсы білім алған адам бәрін өзі-ақ дұрыс істейді
Соңғы кездері ұйқымнан оянған сəтте, кейде күні бойы «Егер мен əлемді өзгерте алсам…» дегенді күбірлеумен жүретін болыппын. «Əлемді қалай өзгертсем екен? Ол үшін не істеуге болады?» деген ойдың шырмауында жүремін. Əрине, өзім шағын бірдеңелерді жасап, өз əлемімді аздап болса да өзгертіп жүрмін. Бірақ іштей оның ештеңеге əсер етпейтінін түсінемін. Ал жалпы əлемді ше?
Сөйтіп жүріп, күндердің бір күнінде əкеммен бірге балық аулауға қала сыртына шықтым. Ерекше түгі жоқ, кəдімгі жексенбі таңы еді. Əкем екеуміз бірнеше балық ұстап алдық. Оның ішіндебіреуі ерекше, алтын түсті, жып-жылтыр. Бірақ өзі кіп-кішкентай. Осы балыққа əбден көңілім кетті. Үйге алып келген соң, керемет бір аквариум тауып алып, ішіне су құйып, мекен етуге болатындай халге жеткіздім. Балықты ішіне салып, өз бөлмеме орналастырып қойдым. Сəл уақыт өткеннен кейін бір нəрсе өзгерді. Су ішінде ол бұрынғысынан бетер жалтырай бастады. Оған аң-таң болып, түк түсінбей тұрып қалдым. Аквариумды қолыма алып, жүзіп жүрген балықты қызықтауға кірістім. Бір кезде балықтың жылтырауы да қойып, өзі де тоқтап қалды. Маған үңіліп қарап тұрды. Өзім ыңғайсыздана бастадым. Кенеттен балықтың аузы жыбырлап, сөйлей бастады. Сонда қалай шошығанымды білсеңіздер ғой! Балық болса:– Балақай, сен қорықпа, мен саған түк жамандық істемеймін. Мен жай ғана алтын балықпын, – деді. Мен тынышталдым.
– Сонда, сен алтын балық болсаң… Қалаған тілегімді орындай аласың ба? – депсұрадым.– Əрине, мен алтын балық емеспін бе?! Үш қалауыңды айта бер, – деді. Қуанып кеттім.Ойыма алдымен ойыншықтар мен тəттілер келді. Əрине, бала емеспін бе? Бірақ есіме менің арманым түсті. «Егер мен əлемді өзгерте алсам…» Міне, уақыт келді. Мүмкіндік сəті туды деген қуаныш сезімі денемді бір шарпып өтті. Бірақ «не қаласам екен?» деп ойланып қалдым. Адамдардың бəріне ақша берейін бе, сонда ешкім кедей болмайды. Жоқ, бұлай болмайды, адамдар əртүрлі, əркім ақшаны əртүрлі нəрсеге жұмсайды… Əлде бар адамды жақсы қылсам ба екен? Жоқ, жаман адам жоқ əлемде жақсылықтың құны болмайды. Ақыр соңында бір шешімге келдім. Сөйтіп балыққа айта бастадым:
– Менің қалауым мынадай: Біріншіден, əлемдегі адамдардың барлығына жақсы
білім алуға мүмкіншілік бер. Жақсы білім болса, басқасының бəрін адам өзі-ақ дұрыс істейді. Екіншіден, адамдардың барлығын сəл мейірімдірек қылшы. Мейірімді адамның өмірінде көп қуаныш болады. Үшіншіден, əкемнің өмір бойы армандаған көлігін сыйлашы. Əкем сондай қуанар еді! Мінекей, осылар!– Айтқаным айтқан, бəрін де істеймін. Ақылды бала екенсің-ау! – деп сөзін бітірді. Келесі күні оянсам, біздің үйіміздің алдында су жаңа көлік тұр. Əкемнің қуанышында шек жоқ. Білуімше, əлемдегі əр адам жақсы білім алып жатыр екен. Мейірімді жандардың əрқайсысы жан-жағына шуақ шашып, бүкіл əлем нұрланғандай күйге енген. Осылайша мен əлемді өзгерттім.Бірақ əлемді өзгерту үшін алтын балық қажет емес.
Ең бастысы – сенің жақсы ниетің мен іс-əрекетің.
Мәтінмен жұмыс
Мәтін тақырыбы мазмұнымен сай ма? Сіз бұл мәтінді қалай атар едіңіз
Мәтінде кейіпкерлер қалай сипатталған?
Оқиға қалай баяндалады?
Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған?
Сюжетке сіз қандай өзгеріс енгізер едіңіз?
«Бұрыш»стратегиясы
Әлемді бір адамның өзгертуі әбден мүмкін
Әлемді бір адам еш өзгерте алмайды.
Екі ойлымын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?