Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 1 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
9-БӨЛІМ.
“ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ “
Оқу мақсаты:
Т/А1 Болжау.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.Сабақ мақсаты:Бейнебаян мәтінін тыңдай отырып, берілген сұрақтарға оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжап жауап береді;Оқушылар берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөздің негізгі мәнін ашады.
Бағалау критерийлері:
бейнебаян мәтінін тыңдап, берілген сұрақтарға болжап жауап береді;
қажетті мәліметтерді жинақтап, орта көлемді әңгіме құрастырады, логикалық екпінді дұрыс түсіріп оқиды.
1-ші топқа «Хат» деген сөз беріледі2-ші топқа «Шығыс ұлы» сөз тіркесі3-ші топқа «Отан» сөзі арқылы топқа бөлінеді.«Хат» сөзіне әркім өз дәптеріне ассоциациялық карта толтырып, мағынасын ашады. Оны топта оқиды, ең қызықтысын топтың атынан ортаға салады. Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.
1916 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған.Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. 1935 жылы Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген 1937 жылы Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп, көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы майданда қаһармандықпен қаза тапты.
1-тапсырма.Тыңдалым. Баубек Бұлқышев туралы бейнематериалкөріп, ауызша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.(сұрақтар топтарға таратылады)
1-топқа:Баубек Бұлқышев деген кім? Соғысқа қашан аттанды?2-топқа:Баубектіңбалалық өмір қиыншылықтары туралы не айтасыз? Шығармашылықпен қашан айналысты?3-топқа:Баубек қандай білім алды? Шығармаларының тақырыбы қандай болды?2-тапсырма. 2-Тыңдалым. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат».3-тапсырма.
Хат мазмұнына сәйкес келетін 2 дұрыс тұжырымды белгілеңіз.Талқылау сұрақтары:
- Автор неліктен «Отан» сөзінің мағынасын түсіндіреді?- Автордың эмоциясы мен интонациясына қарап нені аңғарасыз?- «Сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың?» дегенде автор нені меңзеп тұр?- Бұл қалай аяқталуы мүмкін?4-тапсырма: Оқушылар хатты өздері аяқтап көреді.
Тыңдалған бейнематериалдардағы ақпараттарды, өздеріңіздің танымдық білімдеріңізді қолданып,хатты аяқтаңыз. Хаттағы барлық сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланысқан болуы қажет. Жетістік критерийі:- «Сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың?-деген ойды жалғастырып хатты аяқтайды; - логикалық екпінді дұрыс түсіріп хатты оқи алады. Соңында мақсатына жеткен жетпегенін анықтайды. Өзара топтар арасында оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.3-тапсырма “Отан үшін от кешкендер” бейнебаянын, халық әні “Елім-айды” өзара талдау
4-тапсырма хат мәтініне талдау жасау- әңгімеде сөз, ой қалай жазылған?- жалынды, лепті сөйлемдер бар ма?- жұртшылық санасына ықпал ету үшін қандай тәсіл пайдаланылған?- әңгімеде мақал-мәтел бар ма?- әңгіме кімге арнап жазылған?- қандай сөз пайдаланылған?
5-тапсырма“Тәуелсіз Қазақстан ұланының атынан” ардагерлерге хат жазу
РефлексияМен.... таныстым.......маған оңай болған жоқ.Ерекше ұнағаны.......рахмет айтамын.Мен болашақта....жазып көремін.Келер күнге тілегім....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?