Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Жеңіс күні
Ж3 Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну
Бағалау критерийлері:
бейнебаян мәтінін тыңдап, берілген сұрақтарға нақты жауап береді;
қажетті мәліметтерді жинақтап, орта көлемді әңгіме құрастырады, логикалық екпінді дұрыс түсіріп оқиды
Сынып оқушылары: берілген ҰОС ардагерлерінің суреттері арқылы топтарға бөлінеді
1-ші топқа: Бауыржан |Момышұлы;
2-ші топқа:Әлия Молдағұлова;
3-ші топқа:Мәншүк Мәметова.
Әр топ өздеріне берілген батырлар туралы тарих, әдебиет пәндерінен алған білімдерін кіріктіріп мәлімет дайындау.
(2 мин).
Мақсаты: топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету, жаңа ақпаратпен бөлісу.
Бейнематериал
https://www.youtube.com/watch?v=nSy0mTcvGng 3,01 мин
Тапсырма 1.
Бейнематериалды «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша талдаңыздар.
1-топ: пікір айтады; 2- топ: айтылған пікірге дәлел айтады; 3- топ: мысал келтіресіздер; 1,2,3- топ: қорытынды айтасыздар.
1-топ: Пікір. Оқыған мәтін бойынша өзіндік пікір
айтасыздар.
2-топ: Дәлел. Айтылған пікірді бір сөйлеммен дәлелдейсіздер.
3-топ: Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіресіздер.
1,2,3-топ: Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.
http://lib.nkzu.kz/Library/Librarykz/pechat/p439.htmСұхбат үлгісі
Ғ.Бұқтыбаевпен сұхбат. Бейнематериалдағы маңызды ақпараттарды анықтаңыздар.Әр топ өздерінің анықтаған 1 маңызды ақпаратын ортаға салады және неге маңызды екенін түсіндіреді.Мақсаты: оқушылардан берілген бейнематериалдан не ұққандарын, не мақсатпен көрсетілгендігін және қандай ойда қалғандарын білу.
3-тапсырма:
Әр топқа соғыс ардагерлерінің өмірбаяны беріледі. Оқушылар үлгіде берілген сұхбат түрін негізге ала отырып өз мәтіндеріне байланысты сұхбат, әңгіме, мақала құрастырып жазады.
Бағалау критерийі:
Өмірбаянның мазмұнын толық аша алды.
Сұхбат мазмұны 5 сұрақ-жауаптан кем болмады.
әңгіме, мақала жазылым жұмыстарының талаптарына сай жазылды (сөз көлемі 120-150)
Топ мүшелері толық қамтылып, ынтымақтаса жұмыс жасады.
Бағалау: 1-топты 2,3,4-топ; 2-топты-3,4,1-топ, 3- топты 4,1,2-топ; 4-топты 1,2,3-топ «Бағалау парағы»арқылы бағалайды.
Бағалау критерийі берілген бағалау парағы әр топта болады
Кері байланыс:
Өзін-өзі бағалау
Менің бүгінгі алған әсерім........
Менің ойымша, мен мынаны өте жақсы меңгердім....
Менің келесі сабақта білгім келеді....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?