Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақ: 4- сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

9-БӨЛІМ: ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж1 Жоспар құру.

Сабақ мақсаттары:

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийлері:

  • бейнебаян мәтінін тыңдап, берілген сұрақтарға нақты жауап береді;
  • қажетті мәліметтерді жинақтап, әңгіме мәтініне жоспар құрастырады.

Құндылықтарды дарыту

Шексіз патриоттық сезім, құрметтеу құндылықтырын дарыту

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнематериал

Бастапқы білім

Жеңіс күні

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Дереккөздері

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сабақтың ортасы:

10 мин.

10 мин

15 мин

Сынып оқушылары: «Отан- Ана», «Ерлік», «Майдангер» сөздері мен тіркесі бойынша топтарға бөлінеді.

1-ші топқа: «Отан - Ана»;

2-ші топқа: «Ерлік»;

3-ші топқа: «Майдангер».

Әр топ мүшелері өз дәптеріне топқа берілген сөзге ассоциациялық карта толтырып, мағынасын ашады. Оны топта оқиды, ең қызықтысын топтың атынан ортаға салады.

Мақсаты:ой жинақтау, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру.

1-тапсырма. Оқушылар назарына 3 минуттық «Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбында бейнебаян көрсетіледі. Тыңдалым стратегиясы бойынша оқушыларға бейнероликпен жұмыс жасауда бірнеше тапсырмалар берілген. Топ болып орындайды. Тапсырма орындауға 10 минут уақыт беріледі. Тапсырмалар бойынша бағалау критерийлерін құрады

Бағалау критерийлері: 

  • Бейнебаянды мұқият көріп , негізгі ойды таба алады; 
  • Ролик бойынша маңызды ақпараттарды табады. Өз ойын дәлелдеу мақсатында орынды қолдана алады; 
  • Тыңдалған материал бойынша 1 ашық сұрақ дайындайды;
  • Тыңдап, көрген бейнебаян негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдей алады. Өз көзқарасын қорытындылап, шешім шығарады. 
  • Бейнебаян негізінде жоспар құрады.

Топ тапсырманы 1 минут көлемінде қорғайды. 

Мақсаты: берілген бейнематериалдың мақсатын, одан нені түсінгенін және өзіндік көзқарасын білу. (оқушылар үшін)

Саралау: егер 5 тапсырманы түгел орындаса «жоғары»;

3 орындаса «орташа», 1-2 «қанағаттанарлық» бағаланады.

«Бұл кім?» ойыны

Мұғалім әр топтағы бір оқушының арқасына оқушыларға жақсы таныс Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің 1 суретін жапсырады. Сағат тілі бағыты бойынша келесі топ оқушылары 3 сипаттама немесе мәлімет айтады. Осы сипаттамалар мен мәліметтер бойынша оқушы суретте кім екенін табуы тиіс. Таба алмаған жағдайда қосымша көмектерді ұсынуға болады. Осылайша кезек келесі топ ойыншысына беріліп жалғаса береді.

Ойын шапшаңдық пен тапқырлықты талап етеді.Сондай-ақ оқушыларды Ұлы тұлғалар туралы білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Берілетін суреттер:

Бағалау: топтар бірін – бірі бағалайды

талапты – 3 сипаттамадан және қосымша көмектен соң тапса;

тапқыр – 2 сипаттамадан соң тапса;

білгір және тақыр – 1 сипаттамадан таба алса.

2-тапсырма: Әр топқа тақырыпқа байланысты мәтіндер беріледі. Мәтіннің құрылымы туралы білімдерін пайдалана отырып, бөлімдер бойынша жоспар құрады, мәтінге ат қояды;

Қағаз қиындылары

https://www.youtube.com/watch?v=FIuzwJnJKJs 2,44

Ұлы отан соғысының батырлары

Сабақтың соңы:

3 мин.

Үй тапсырмасы:

2 мин.

Ұлы Отан соғысының жүру уақыты туралы Қазақстан тарихынан мағлұматтарын пайдаланып, хроникалық кесте толтыру.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау прағы» арқылы жүргізіледі.

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу