Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Сабақ: 6- сабақ | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 L1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағаны: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 9-БӨЛІМ: ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | О1 Ақпаратты түсіну. Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Мәтіндік және графиктік түрде берілген ақпаратты талқылау | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналасындағыларға құрмет; Отанына деген шексіз патриоттық сезім; Ынтымақтастық, бірлік, бауырмалдық | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, бейнематериал | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жеңіс күні | ||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрі | Дереккөздері | |||||||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 3 мин | Оқушыларды түгендеу. Жайлы орта құру. Топтастыру: мақал – мәтелдерді құрастыру арқылы топтасады 1-топ: Батырды жауда, шешенді дауда сына 2-топ: Ерліктің шарты - өзіне сенгендік. 3- топ: Айлалы батыр алдырмас 4- топ: Батырлық айқаста танылар 5-топ: Күш батылдыққа ереді. Мақал – мәтелдердің мәнін ашу. Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау | Презентация | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы: Мағынаны тану 7 мин. 10 мин 5 мин. 5 мин +10 мин 3 мин | Мағынаны тану сатысы Тапсырма С Ұлы Жеңіс мерекесі https://www.youtube.com/watch?v=ziwNS5Y5imw «Шеңбер» әдісі Сынып оқушылары 2 шеңберге бөлінеді. «Ұлы Жеңіс мерекесі» тақырыбында ішкі шеңбердегілер әңгімелей бастайды, 90 секундтан соң сыртқы шеңбердегілер әңгімені жалғастырады. Осылайша 2 шеңбер диалог құрастырады, түсінген ақпараттарымен алмасады.Ішкі шеңбердегілер жетекші сұрақтар қояды, осы арқылы негізгі ойды анықтайды. Тапсырма ЖЖ. Оқылым тапсырмасы Оқушыларға ардагермен болған сұхбаттан үзінді беріледі. Оқушылар үзінді мәтінімен танысады және суретті ақпаратты оқып, мәлімет жинақтайды. Жинақтаған мәліметтері бойынша оқушыларға мәтін мазмұнына сай жоғары деңгейлі сұрақтар әзірлейді. «Мен қоятын үш сауал»
«Карусель» әдісі арқылы топтар бір – біріне айналдырып беріп жауап жазады, әр топ өз сұрағына жауаптарды тексеріп, бағалайды, кері байланыс береді. Тапсырма (Шығармашылық жұмыс ) ҰОС жылдарынан сыр шертетін графиктік мәтіндер беріледі. Оқушылар графиктік мәтін (кесте, сызба, диаграмма, т.б. түрде) құрастырып, әңгімелейді. Бағалау критерийлері: 1.Тақырыптың ашылуы; 2.Негізгі ойы; 3.Жүйелілігі; 4.Тілдің көркемдігі; 5.Бүгінгі өмірмен байланысы. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 2 мин. | Сабақты қорытындылау: Кері байланыс: Қағазға жазып Мәңгілік алау суретіне жапсыру.
| ||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік; | |||||||||||||||
Рефлексия | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім? Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма? |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
ОБ сілтеме | Оқу мақсаты | Бағалауға арналған ұсыныстар |
О1 Ақпаратты түсіну. . | Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау | Тапсырма: ҰОС жылдарынан сыр шертетін графиктік мәтіндер беріледі. Оқушылар графиктік мәтін (кесте, сызба, диаграмма, т.б. түрде) құрастырып, әңгімелейді. |
Дағдылар | Бағалау критерийлері: | |
оқылым | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді | |
|
Ардагермен сұхбат
Осы жылы халқымыз Ұлы Жеңістің 68-жылдығын тойламақшы. Жеңіске жету жолы әр отбасының үйіне қайғы-қасірет әкелгені сөзсіз. Сол қиын жылдары Жеңістің жақындай түсуіне әр адам өз үлесін қосқан болатын. Аталарымыз бен әкелеріміз, әжелеріміз бен аналарымыз күні-түні бүгінгі ашық аспан үшін тынымсыз еңбек етті. Соғыстың жауыз жылдарында майданда соғысқан ардагерлеріміздің бірі – Бұқтыбаев Ғалым Әміржанұлы. Атамыз ерліктері үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталды. Мен соғыс ардагерімен сұхбат жүргіздім:
- Ғалым – ата, сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
- Мен 1922 жылдың 29 маусымында Шал ақын ауданының Бағанат ауылында дүниеге келгенмін.
- Сіз майданға қай жылы аттандыңыз?
- Соғысқа мен 1942 жылдың 7 қаңтарында аттандым.
- Сіз қай жерлерде соғыстыңыз?
- Мен Мәскеу, Дон, Сталинград, Испания, Германияда соғыстым. Барлаушы болдым.
- Майданнан қай жылы оралдыңыз?
- Соғыс аяқталғаннан кейін мені Жапонияға қызметке жіберді, тек 1949 жылы әскерден қайтып, үйге оралдым.
- Соғыстан кейін тағдырыңыз қалай жалғасты?
- Мен мал – дәрігерлік техникумын аяқтап, отбасын құрдым, 5 баланы тәрбиелеп өсірдім. Отан үшін биік лауазымдарда адал қызмет атқардым. Қазіргі таңда Петропавл қаласында балаларымның, немерелерімнің және сүйікті шөберемнің арасында бақыттымын. Ұрпақтарымыздың тәуелсіз елде, татулық пен бірлікте өмір сүріп жатқандарына қуаныштымын.
Жыл сайын біз Жеңіс үшін жанын қиған азаматтарымызды еске аламыз. Олардың есімдері мәңгі жүрегімізде сақтаулы! Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Ғалым Әміржанұлы соғыс зардаптарын көрген ардагерлеріміздің бірі. Сұхбат жүргізген уақытта мен № 6 ора мектептің 9 сынып оқушысы болатынмын,сол кезде Ғалым – ата өзінің болашаққа, ұрпаққа зор сенім артып, бақытты өмір сүргендерін қалайтынын айтты. Өкінішке орай, ардагерлеріміз жыл санап азаюда, 2011 жылы Ғалым Әміржанұлы көз жұмды. Батыр да батыл соғыс ардагерімен сұхбат жүргізгеніме мен өте бақыттымын! Біз әрқашан соғыс ардагерлерінен үлгі алып, олардың қайсар мінездерін, батылдықтарын, Отанға деген питриоттық сезімдерін өз бойымызға сіңіруге тырысамыз! ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?