Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Сабақ: 8- сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 L1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

9-БӨЛІМ: ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А4 Негізгі ойды анықтау.

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

Сабақ мақсаттары:

Мәтіннің тақырыбын айқындап, мазмұнын түсіну арқылы негізгі ойын анықтау

Бағалау критерийлері:

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтап дәлелдейді;
  • Мәтінге қатысты өз ойын анық жеткізеді

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналасындағыларға құрмет;

Отанына деген шексіз патриоттық сезім;

Ынтымақтастық, бірлік, бауырмалдық

Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнематериал

Бастапқы білім

Жеңіс күні

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Дереккөздері

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин

5 минут

Сабақтың ортасы:

Мағынаны тану

10 мин.

15 мин.

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

«Сандар сөйлейді» ойыны

Интеркативті тақтадан ҰОС қатысты тарихи сандар шығады. Әр топ оқушылары 2 минут ішінде осы сандарға қатысты тарихи оқиғаларды тізбектеп шығуы керек. Қай топ барлығын дұрыс тапса, сол топ жеңіске жетеді.

Ойын шапшаңдық пен тапқырлықты талап етеді.Сондай-ақ оқушыларға ҰОС туралы Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін ұштастырып, тереңдетуге мүмкіндік береді.

Топқа бөлу

Суреттерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлу. Сурет бойынша өз ойларын айту.

  • Суретте не бейнеленген?
  • Суреттер мазмұнының қазіргі өмірдегі маңызы қандай?
  • Сурет сізге қандай ой салды?

Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау

Тыңдалым тапсырмасы

Топтық тапсырма

  • Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тыңдап отырғанда басты идеялар бойынша қажетті жерлерді түртіп алыңыз.
  • Мәтіннің басты идеясын тауып, біріктіріп, мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
  • Мәтіннің дамуын болжап, өз бетінше мәтінді жалғастырып жазыңыз.
  • Жұпта бір- біріңізге мәтіндеріңізді оқыңыз.

Ең таңдаулы үш мәтінді таңдаңыз.

Ж.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Бес жолды өлең»

Әр оқушыға тақырыпқа қатысты 1-1 сөз беріледі.

Соғыс, қару, жауынгер, Отан, Жеңіс, әлем, бейбітшілік, өмір, сәби, ардагер

Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Таратпа материалдар

Мәтіндер

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=qVJ9lva13rw – Б.Момышұлы өз дауысы. Соғыс туралы

таратпа материалдар

Сабақтың соңы:

5 мин.

Сабақты қорытындылау:

Рефлексия парағын толтыру (топпен)

Бүгінгі алған ақпараттар бойынша:

Не білдік?

Не түсіндік?

Бұл ақпараттарды қай пәндерде немесе қайда қолдана аламыз? Бойымыздағы қандай құндылықтарды дамыта алдық?

Келесі сабақта не білгіміз келеді?

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу