Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
Сабақ: 12- сабақ | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 L1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағаны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 9-БӨЛІМ: ЖЕҢІС КҮНІ. ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | ӘТН 3 Лексикалық норма. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану арқылы көркем сөйлеуге дағдыландыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналасындағыларға құрмет; Отанына деген шексіз патриоттық сезім; Ынтымақтастық, бірлік, бауырмалдық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар: | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, бейнематериал | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жеңіс күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрі | Дереккөздері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 5 мин | Оқушыларды түгендеу, көңіл-күйлерін сұрау. Жайлы орта құру. Топтастыру: 1-топ: Жүрегінің түгі бар 2-топ: Ер жүрек 3- топ: көп түкірсе – көл 4- топ: Төбе шашы тік тұру 5-топ: Кең пейіл
Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау | Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы: Мағынаны тану 5 мин. 10 мин. 3 мин 10 мин +10 мин | Мағынаны тану сатысы Тапсырма: 1.Тұрақты тіркес дегеніміз не? 2. Тұрақты тіркеске тән өзіндік белгілерді атайық ? ОЙЛАН-ЖҰПТАС-БӨЛІС (Джес Жентиль диаграммасы бойынша) Дұрыс жауаптарымен өз жауаптарын сәйкестендіру 1. Бірнеше сөзден тіркеседі 2. Орны қалыпты 3. Фразеологиялық байлаулы 3. Синонимі болады 4. Антонимі болады 5. Бір мағынаны білдіреді 6. Бір сұраққа жауап береді 7. Сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды 8. Сыңарларын басқа сөзбен ауыстыруға болмайды 9. Ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізу құралы Тапсырма: «Тауып, жаз » Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып,мағынасын жазу.
Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде, екі өзен алақанға салғандай болып көрінеді. Ит байласа тұрғысыз баспананы тұрақ еткеніме бүгін төртінші күн. Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы баласы ауылға көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің алдында қатты қысылып, жерге кіріп кете жаздадым. Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты. «Карусель» әдісі арқылы сағат тілі бағытымен айналдырып беріп, тексеріп, бағалайдыТапсырма: “Сәйкестендіру” тесті Ж
Тапсырма: «Шығармашылық жұмыс» «Туады Ерлер ел үшін» тақырыбында тұрақты тіркестерді қолдана отырып (жүрек жұтқан, ел үмітін ақтау, жан алқымынан алу, көз ілмеу, жан ұшыру, т.б.) таңдай отырып орындау. - Ойтолғау жазу. - Өлең немесе әңгіме шығару. -Ерлік, батырлық туралы ән айту, өлең оқу. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы: 2 мин. | Сабақты қорытындылау: Кері байланыс: Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазып тақтаға апарып іледі: Мен нені үйрендім? Маған не жеңіл болды? Маған не қиын болып көрінді? Менің келесі сабақта нені білгім келеді? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім? Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?