Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 9 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

ОБ сілтеме: О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

Оқу мақсаты: Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Тапсырма:

Оқылым мәтінімен жұмыс

Әр топқа Ұлы Отан соғысы туралы мәтіндер таратып береді. Оқушылар оқылым мәтініндегі мәліметтерді қолдана отырып топтық тапсырманы орындайды. Оқушылар тапсырманы үлкен постерге орындайды.

«ДЖИГСО» тәсілі

Оқушылар 1,2,3,4,5 санына саналады, өз саны бойынша берілген міндетін атқарып келеді.

1-баяндаушы (естіген мәліметін баяндап РАПОРТ береді: Мен естіген мәліметім туралы сізге хабарлауға рұқсат етіңіз: ...)

Рапорт (франц. rapport — хабарлау) — берілген әскери тапсырманың орындалуы я басқадай әр түрлі істердің орындалуы жайында бастықка ауызша немесе жазбаша баяндау, хабарлау.

2-тілші (естіген мәліметін ТІЛШІ ретінде тікелей эфирден айтып береді: Тікелей эфирде тілші ------------ --------------, бүгінгі хабарымызда --------------- туралы айтын боламыз.)

3-суретші (естіген мәліметін СУРЕТКЕ салып келеді)

4-жаранамалаушы (естіген мәліметін үгіт-насихат түрінде ЖАРНАМАЛАЙДЫ: Біздің мектебімізде «Ерлік» клубы ашылмақшы. Ол клубтың мақсаты......, онда мынадай тақырыптар қозғалады.)

5- тергеуші (естіген мәліметін ТЕРГЕЙДІ (қандай мақсатта жазылған? оны жазуға не итермеледі? Жастарға пайдасы қаншалықты? Осы сұрақтар төңірегінде тақырыпты тергеп, өзінің қорытынды ойын айтады).

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіннің, құжаттар мен қызметтік жазбалардың мазмұнын түсінеді
  • Жазба жұмыстарының құрылымы мен рәсімделуін ажыратады
  • Құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрын таниды

Дескрипторлар:

  • Оқушы өз мәтінінің жанрын көрсете алды;
  • Жұмыстың құрылымы мен рәсімделуін сақтады;
  • Жанр ерекшеліктерін айқын білдірді


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу