Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.
1-мәтін
Бауыржан Момышұлының күнделігінен
«...Кештің өзі әсерлi өтті. Далаға төселген киіздің үстінде көп әңгіме айтылды. Баукең ерекше әңгіменің есігін айқара ашып тастады. Осыны пайдаланған ауыл азаматтарының бipi Баукеңе: «Бауке, сіздің Сталиннің қабылдауында болғаныңызды ел әр түрлі ерекше айтады. Аңызға да айналдырады. Егер мүмкін болса соны өз аузыңыздан естісек» деген тілек айтып еді, көпшілік:
– Рас, Бауке, соныөзаузыңызданестісек.
– Біздің білгіміз келеді.
– Айтып берсеңіз, — деген тілектер қарша борады.
Бұл тақырыпқа Баукең көп бармайтын, бұл жолы қалай болар екен, айтса екен деп мен де айтып отырмын. Жоқ, Баукең көптің көңілін қайтарған жоқ. "Ал" ендеше, тыңдаңдар!" — деп бip гүр етіп алды да жайымен әңгімесін бастады.
– Ол кезде қанды соғыс аяқталған. Мен болсам Академияда окып жүрген болатынмын. Бұлоқуорныныңбастығы маршал Захаров еді. Сабақ жүріп жатқан кез. Meнi сабақ жүріп жатса да маршал Захаров шақыртты. Себебін білмедім. Әскери тәртіппен маршалға кіріп, келгенімді баяндадым. "Жолдас полковник, дедіол, — сіздітөменде машина күтіптұр, сонымен барып келіңіз. Соңынан қайда, кіммен болғаныңызды маған айтып келерсіз", - деді. Далаға шықтым. Маршал айтқандай, сыртта жеңіл машина тұрекен. Оданкөкфуражкелі майор шығып, маған әскерше сәлем берді. Сонан соң маған "Машинаға отырыңыз", - деді. Отырдым. Таңданғаным да рас. Соғыс кезі болса бір сәpi. Бейбіт күнде мені қайда алып бармақ. Біз Кремльден бірақ шықтық. Жоғары кетеріліп, мені Сталиннің кабинетіне кіргізді. Мен кірген соң Сталин отырған орнынан тұрып, маған қарсы жүрді.
– Жолдас Момышұлы, ciз қазақ екенсіз ғой, – деді. Мен: "Иә, қазақпын, жолдас Сталин!" -дедім. Сталиннің сауалдарына тік тұрып жауап беріп тұрмын. Олмаған "Қалай ішеміз бе?" деп еді, рахметімді айтып шай да ішпедім.
– Мен қазақтармен көп араласқан жоқпын, - деді Сталин. Оларды жақсы білмеймін. БipaқTұpapРысқұлов пен НәзірТөреқұловты жақсы білемін. Ол маған тағы бipaз сұрақ қойды. Байқаймын әңгімеміз жараспады-ау деймін. Ол кетуіме рұқсат берді. Meні осында алып келген майор сол машинамен қайта әкеліп тастады. Қоштасарда ол менің қайда болғанымды, кіммен кездескенімді ешкімге тic жарып айтпау керек екенімді ескертті.
Маршал Захаров менімайордың қайта әкеліп тастағанын терезеден көріп тұр екен, шақыртты.
– Ал, айта бер, полковник, қайдаболдың? — депсұрады.
– Мен оған "Мне приказано об этом никому не говорить", — депжауапбердім.
– Маған, академияның бастығынаайтуғаболатын шығар.Қорықпаңыз, айта беріңіз, - деді ол қатал дауыспен. Мен оған тағы да: "Мне приказано об этом никому не говорить", - деп алдыңғы жауабымды қайталадым. Ол мына қиқар қазақтан ешқандай жауап ала алмайтынын білді ме "Бара бер!" деп дауыстады. Мен өкшемді сарт еткізіп, бұрылдым да кете бардым. Міне, Сталинмен болған кездесуімнің бар шындығы осы, – деп аяқтады Баукең әңгімесін.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Жас офицер Р.Қошқарбаев рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті. 1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар:
1.Барлығы — 11600 адам;
2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97;
3.Қазақ қыздары — 2.
Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық.
Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638.
Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады.
Әлия есімі әлі есімізде
Әлия Молдағұлованың есімі өз отанын шын сүйгендік пен халқына берілгендіктің жарқын бейнесіне айналғаны қашан.
Әлия Молдағұлова 1925 ж. 25 қазанда, Ақтөбе облысының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде әке-шешесінен айырылып, әке-шешесінің туыстарында тәрбиеленген. Туған-туысқандары ұжымдастырудың бірінші кезеңіндегі аштықтан қаза тапқан, бұл жөнінде майдан хаттарынан белгілі болды.
1935 жылы нағашысы Әскери-көлік Академиясына оқуға түседі. Молдағұловтар отбасы Әлиямен бірге Мәскеуге көшеді. Ал бірнеше жылдан кейін Академия Ленинград қаласына көшіріледі, сондықтан да олар Лениградқа көшіп барады. 1939 жылдың күзінде нағашысы Әлияны № 46-шымектеп-интернатына тапсырады. Соғыс кезінде бұл мектеп балалар үйінің қызметін атқарған. Әлия сыныптастарының естеліктеріне қарағанда, ол өзіне сенімді болып, басқаларға да талап қойғыш болған. Мінезіндегі негізгі қасиеттері: мақсат қоюшылық, адалдық, қайырымдылық. Ол сыныптастарымен тез тіл табысып, оның байланысқа бейімділігі көптегендерді таңқалдырған.
Оның қысқа, бірақ жарқын өмірі Қазақстан жастары үшін өнеге болары анық. Отанның намысы мен бостандығы, біздің бақытты болашағымыз үшін өз жанын құрбан еткен Әлия бейнесі халық жадында мәңгі қалады.
Шығыс Қазақстан облысынан шыққан Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаев
Ескерткішті орнату шарасы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясының аясында жүзеге асырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Арқат ауылында жергілікті кәсіпкерлер Кеңес Одағының Батыры Закария Белібаевқа ескерткіш орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Закария Белібаев 1917 жылы 9 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Арқат ауылында дүниеге келген.
Майдангер 1941 жылдың маусым айынан бастап шайқасқа қатысқан. Орталық майданда 18-ші жеке понтон-көпір батальонында понтон салатын жауынгер /3-ші понтон-көпір бригадасы, 60-шы әскер/ болған.
Қатардағы жауынгер Белібаев 1943 жылы қыркүйек айының соңында Киев қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Днепр өзенінен өту кезінде ерекше батылдығымен көзге түскен. Ол бөлім командирі жараланған сәтте оны алмастырып, әскерді өзеннің оң жақ жағалауына бірінші болып өткізген. Бірнеше тәулік бойы төпелеген жау оғының астында жүріп, жеке құрам мен техниканы бағыттап отырған. Судан өтетін салды жөндегенде де аса ептілік танытып, әскерін аман-есен алып шыққан.
Жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы 1943 жылы 17 қазанда КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілген. Ол сондай-ақ Ленин орденінің, ІІ дәрежелі Отан соғысы төсбелгісінің, бірнеше медальдардің иегері.
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова
Біз, «Батыр» деген сөз тіркесін естігенде, иығы қақпақтай, көзі қырандай өткір, күші мен қуаты тасыған ер-азаматтың бейнесін көз алдымызға елестетміз.
Бірақ соғыс ер-азамат, әйел, жас қыз деп бөліп жарып, қарамайды. Оның айқын дәлелі нәп-нәзік Мәншүк ерлігі. Осындай нәзік әрі момын қыздан батырлық қалай шықты? Мәншүк Мәметова, — Кенес Одағының батыры атағын қалай алды?
Мәншүік, 1922 жылы 22 қазанда Орал облысының Жасқұс ауылында дүниеге келді. Балалық шағын Алматы қаласында өткізеді. Мектепті бітіріп, медициналық жұмысшы факультетке, ал кейін Алматының медициналық институтына оқуға түсіп, осымен бір мезгілде Республика Халық комиссарлары кеңесінің хатшылығында жұмыс істейді. Мәншүк Мәметова Мәскеудегі шеруге барып, Қызыл алаңды, кесене мен Кремльдегі Спасск мұнарасын көріп қалсам деп армандап жүреді. Астанаға кететін күн де жақындай берді. Бірақ оның орнына басқа күн келді… Ол, соғыс басталған күні еді. Гитлершілер Севастопольді, Одессаны, Киевті бомбалап, Мәскеуге қауіп төндірді. Әскери уақыттың қауырт өмірі басталды. Қатал шайқас Алматы қаласынан мыңдаған шақырым жерде болып жатса да, оқиғаның елесі онда да байқалған еді. Дауыс зорайтқыштардың қасында жұрт топпен жиналып, соңғы жаңалықтарды тыңдап тұратын. Әр күн Отан үшін уайымды ойларға толы болды.
Қазақ халқының үздік ұлдары жаумен күресу үшін майданға кетті. Басқалар тылда қару-жарық пен оқ-дәрілерді әзірлеп, далаларда жұмыс істеді.Отан соғысының лапылдаған отының ішінде болғанда, Мәншүк Мәметова бей-жай қарай алмайтын еді. Ол да әскери комиссариатқа сенімді түрде барып, жауынгерлер қатарына жазылды. Бірақ оны қабылдамады. Осылай, күндер, апталар, айлар өтіп кетті, 1942 жылдың жазы да аяқтады. Мәншүк Мәметова майданға өз еркімен барұға рұқсат сұрады. Мылтықтан атуды жақсылап үйреніп, медициналық курстарды бітірсем деп қалады.Арасында бірнеше күн өтіп, Мәметова әрекеттегі армия қатарына қосылды. Ол снарядтардың жарылуын бұрын да естіген, әуе шабуылын да көп рет көрген, бірақ өз тағдырына риза емес болды. Мергендер бөлімшесіне өзін жіберуін сұрады, бірақ Мәншүкті бөлек мергендер бригадасы штабының тұсында хатшы етіп, қалдырды. Осымен ол үндемей келісті, бірақ өз дегеніме жетемін деп шешіп, майдан өмірінің қай бөлігінде Отан үшін көп пайдасын тигізе алады деп ойланып жүрді.Медбеке, телефонист, радиошы болу — оның қолынан келді. Бірақ Мәншүктің арманы — пулеметші болу еді. Бос уақытының барлығын, дадалық госпитальде өткізіп, айқас алаңынан жеткізілген жарақат алған адамдарды көріп, жүрегі аяушылық сезімінен жарылып кете жазғандай болды. Тап осы кезде институттағы медбике курстарында алған білімдері оған қатты көмектесті. Бірақ ол немес айналысып жүрсе-де, арманын үнемі ойлайтын болды. Соңында Мәншүк Мәметова пулеметті меңгерді. Командир тексеріс жүргізгенде, ол басқа әскерлердің қатарында бастапқы позицияны алып, сабырлы мен өзіне сенімді болды. Мәметова нысанаға қарап атқанда, ол көз алдына фашисттер бейнесі елестеді, өйткені егер сенің алдында жау болса, онда қате жасауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Бірде-бір оқ нысанаға дәл тигізбей өтпеді.Ол үздік пулеметші болып, Калинин майданы 3-ші екпінді әскерінің 21-ші гвардеялық атқыш дивизиясына қабылданды. Соғыс күндері басталды. Барлаулар, атыстар, шағын айқастар. Мәметова пулеметті қолынан жібермеді. Бірінші шайқаста Мәметова гитлершілерді жақын жолатып, фашисттердің шабуылына қарсы тұра алды. Бұл оқиғаның салдарынан атқыш дивизия жауынгерлері оны құрметтей бастады. Бірақ соғыс — бұл әскери әрекеттер ғана емес, адамдар өмір сүріп, бір-біріне ғашық бола берген. Мәншүк те ғашық болды. пулеметші Нұркен Құсаинов сұлу әрі мейірімді жігіт тұғын. Мәншүк құрбымен сырласып отырды: «Мен Нұркенді сүйемін. Бірақ қазір сүюге болады ма?». Нұркен-де соғыс кезінде өз сезімдері жайлы айту мүмкін емес деп санады. Ғашықтар бір күні — 1943 жылдың 15 қазанында — Невель түбінде орналасқан Изочи бекеті үшін қаһарлы шайқаста қаза тапты, тағдырдың жазуы осылай болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?