Ұлттық тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 3 сабақ.

Оқушының аты-жөні:____________________________

Сыныбы:______________________

Күні:___________________

Қалыптастырушы бағалау

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу

Бағалау критерийі

  • Мәтінді түсінеді;
  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;
  • Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;
  • Жинақы мәтін жазады.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Мәтінді түсінеді;

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;

Жинақы мәтін жазады.

2

FILA кестесін толтырады;

Мәтіннен мысал келтіреді;

3

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады;

Жинақы мәтін жазады;

Сөз көлемін сақтайды.

Тапсырма. Жеке жұмыс.

Ұлттық тағамдардың пайдасы

 Сүттен жасалатын қазақта құрт, қатық ,қымыз шұбат, сүт көже, сүзбе, көбік, ежігей тағы да басқа тағамдар баршылық. Және ол тағамдардың басым бөлігінің  қалай әзірленетіні халыққа белгілі. Алайда  таныс емес қазақ тағамдар да қаншама. Мысалы, өзім жақында ғана ежігей деген тағамды білдім. Осы тағамның  қалай және неден әзірленетіні  маған осы уақытқа дейін беймәлім еді. Ұлттық тағамдар туралы жазылған үш кітапты оқығанмын. Бірақ, ол кітаптарда ежігей туралы кезіктірмеппін. Кітаптарда жазылмаған ас түрін мен ғаламтордан бірден таптым. Ежігей - қой сүтінен дайындалған тағам. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан әзірленетін дәмі тәтті, өзі жұмсақ болатын ас екен. Бұдан да басқа біз білмейтін ұлттық тағам түрлері көп деп ойлаймын.  Негізінен бізде ұлттық тағамдардың ұмыт болып бара жатқаны шындық. Ал, бұған себеп, түрлі тағамдардың, соның ішінде, басқа елден келген астардың көбеюі. Бірақ, бұл тағамдардың пайдасынан зияны басым екенін зерттеушілердің өзі дәлелдеп отыр. Мәселен, барлық дүкендерде сатылатын американдықтардың жылдам әзірленетін гамбургер, чизбургер, хот-дог секілді тағамдары денсаулыққа зиян. Және де адамның тез толысуына себепші болады. Міне, осы секілді басқа елден келген астардың көпшілігінің пайдасынан зияны басым болса да, барлық  дүкендерде осы тағамдар сатылады, ал өзіміздің  ұлттық тағамдарымызды еш дүкеннен таба алмайсың. Тек құртты ғана санаулы дүкендерден табуға болады. 

  • тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. FILA кестесін толтыру.

Facts (мәтіндегі фактілер)

Ideas (мәтіннің идеясы)

Learning issues (сұрақтар)

Action plan (әрекет жоспары)

2- тапсырма. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып, жинақы мәтін жазу. Сөз көлемі 70-80 сөз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу