Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

7 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

О5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

ӘТН2.Орфоэпиялық норма

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты

7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Бағалау критерийі

  • Проблемалық сұрақтар құрастыра біледі.
  • Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
  • Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады.

Тілдік мақсаттар

Гендік модификация, биотехнологиялық, ұшыраған тағамдар, трансгенді өнімдер

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу
  • Ынтымақтастық
  • Азаматтық жауапкершілік

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Жаһандық байланыс.

Ең алғаш трансгенді өнімдерді шығаруды 80-жылдары Американың әскери қорғаныс күштеріне бағынышты Монсанто компаниясы қолға алған екен. Трансгенді дақылдарды өсірудің және әлемге таратудың басты жарнамашысы – Америка. Сөйте тұра, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі өз елінде ГМ-күріштің сортын егуге тыйым салған. Тіпті қазіргі кезде егіліп қойған ГМ-күрішті толықтай жою керек деп бұйрық шығарған.

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібін ұғындыру.

Пәнаралық байланыс

Биология, химия, қоғам

Алдыңғы білім

Сабақбарысы

Жоспарланған

кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.

Қызығушылықты ояту.Топқа бөліну.

Оқушыларға қиынды суреттер беріледі, сол суреттерді сәйкестендіріп құрастыру керек. Құрастырылған сурет бойынша топ болып бөлінеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Күтілетін нәтижелер белгіленеді.

Слайд

Сабақтың ортасы

37 минут

Мағынаны тану кезеңі.

Оқылым алды тапсырмасы.

1-тапсырма.

«Гендік модификацияланған өнім» тіркесін топтастырыңыз. Кластер құрастырады.

Оқылым мәтіні.

1-топ. Гендік модификация дегеніміз не?

Гендік модификация - биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 1950 жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды.

 Жалпы, саудаға шығарылған мұндай тауардың халық шошынатын екі түрлі қаупі бар. Біріншісі – гендік модификациялау болса, екіншісі – Қытайдан әкелінген көкөністер. Гендік модификациялау ұғымына өсімдік түрін биотехнологиялық жолмен кездесетін түрлі кедергілерге, яғни суыққа, ыстыққа төзімді, кеміргіштерге қарсы улы заттар қосып, тез өсіп шығатындай етіп жасау. Ғылымның бұл саласы бүгінде тек жануарларға қатысты емес, адамдар азық-түлікті де жасап шығаруды қолға алды. Мәселен, әрбір өсімдікке, оның сақталу мерзіміне байланысты әртүрлі жәндіктер мен жан-жануарлардың гендерін қосады: жалтыраған қап-қатты алмаға шаянның гені енеді, жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Ал гендік өзгеріске ұшыраған бұл азықты саудаға шығаруды өз кезегінде Қытай мықтап қолға алған.

2-топ.Біз кімге айналып бара жатырмыз?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша, құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс.  Алайда, айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады.Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталған ұқсайды...

 Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық?Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал, расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..

Жан-жануардың гені қосылып өндірілген өнімді тұтыну ертеңге ұрпағымыздың да геніне, мінезі мен болмысына әсер етіп жүрмей ме?

3-топ.

Қияр неге қауындай, шие неге қызанақтай?..

Осыдан бірнеше жыл бұрын ақын ағамыз Мұхтар Шаханов Парламент Мәжілісінің депутаты болып отырған уағында осыған ұқсас мәселе көтерген. «Қытайдың алмалары өзіміздікінен арзан және түрі үнемі әп-әдемі болып жылтырап тұрады. Оған құрт та түспейді. Ұзақ сақталады. Дәмі жоқ болса да, қазір бәріміздің дастарханымыздан орын алған. Ал енді осында бір гәп бар сияқты. Соны зерттеп, тексеріп жатқан адам бар ма? Осы Қытайдың жемістері денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?» – деп, мәселе көтерген.

Таң қаларлығы сол, бізде шет елдерден әкелініп жатқан азық- түлікті, соның ішінде көкөністер мен жеміс-жидектерді толыққанды қадағалап, лабораторияда зерттеп отырған орталықтар жоқ екен. Сауда орындарындағы зертханалар тек нитраттарды, ағзаға бірден әсер ететін зиянды заттар мөлшерін анықтайды. Сол себепті, әлгі құрт түспейтін, шірімей, езілмей, ұзақ сақталатын трансшекаралық өнімдер өзінің ғажап қасиеттерімен ертегілер елінен әкелінгендей жұмбақ болып қала береді.

Десек те, кез келген өсімдік өзінің тарихтан белгілі қасиеттерін, дәмін, пішінін өзгерткенде оның табиғи өнім еместігін пайымдай беруге болады. Ол – гендік өзгеріске ұшырағандықтың белгісі. Ал гендік модификация мәселесі бүгінге дейін біздің елімізде жете мән беріліп, назарға алынбаса да, халықаралық тағамтану институттары ғалымдарының қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып жүрген мәселесіне айналды.

2-тапсырма. Жеке жұмыс: Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «БҚО 1» кестесін толтырады.

Мен мәтіндегі мәселе жайлы не білемін?

Мен ол туралы тағы не оқып білуім қажет?

Мен нені білдім?

3-тапсырма. «Бос микрафон» тәсілі.

Топтар микрафонға гендік өнімнің екі пайдалы және екі зиянды тұсын айтады.Ойын дәлелдер келтіре отырып жеткізеді.Оқушылар өз пікірлерін білдіруде логикалық екпінді түсініп, дұрыс қолданады.

АА+ Оқушы интонация, кідіріс, логикалық екпін дегеніміз не? Анықтамасын береді.

4-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау. 1-нұсқа. «Блум таксономиясы» бойынша сұрақ құрастырады.

Қалыптастырушы бағалау.

Тапсырма. 2-нұсқа. Жеке жұмыс.

Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген. Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады.  Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО  өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. 

Тапсырма. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрайды.Ол үшін FILA кестесін толтыруға ұсынуға болады.

Facts (мәтіндегі фактілер)

Ideas (мәтіннің идеясы)

Learning issues (сұрақтар)

Action plan (әрекет жоспары)

Кері байланыс.

Топтық бағалау.

Жаһандық байланыс.

Ең алғаш трансгенді өнімдерді шығаруды 80-жылдары Американың әскери қорғаныс күштеріне бағынышты Монсанто компаниясы қолға алған екен. Трансгенді дақылдарды өсірудің және әлемге таратудың басты жарнамашысы – Америка. Сөйте тұра, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі өз елінде ГМ-күріштің сортын егуге тыйым салған. Тіпті қазіргі кезде егіліп қойған ГМ-күрішті толықтай жою керек деп бұйрық шығарған.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Оқушы

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

1

2

3

3

Тақырыпқа сәйкес тіркесті топтастырып, кластер құрастырады;

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

Проблемалық сұрақтар құрастыра біледі;

Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі;

Өз пікірлерін білдіруде логикалық екпінді түсініп, дұрыс қолданады;

Кері байланыс.

Слайд

Слайд

Слайд

Слайд

Слайд

Слайд

http://massaget.kz/blogs/10849/

http://massaget.kz/blogs/10849/

Сабақтың аяғы

3 минут

Рефлексия.

Оқушылар смайликтерді көрсету арқылы рефлексия береді.

Слайд

Сабақтасаралаутапсырмаларыболдыма? Қалайшақолдаукөрсетеаламын? Қабілеттіоқушылардыоқытудаалдымақандайміндеттерқоямын?

Оқушылардыңматериалдықаншалықтыигергенінқалайбағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздіктехникасынсақтау

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ/ оқытумақсаттарышыншылма?

БарлықоқушыларОМжеттіме?

Егержоқболса, неге?

Сабақтағысаралаудұрысөттіме?

Сабақтағыкезеңдерсақталдыма? Жоспардантыснежасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандайекіаспектжақсыөтті? (оқытуменбілімберутуралыойланыңыз)

1:

2:

Сабақтыжақсартуғанесебепболатынеді? (оқытуменбілімберутуралыойланыңыз)

1:

2:

Сабақбарысындасыныптыңжетістігітуралынеойладым/ жекеоқушылардыңқиындығы, келесісабақтарданегеназараударуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу