Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация.


Адасқан әріптерді дұрыс орналастырып, 4 сөз жазыңыз. Тақырыпты анықтап көріңіз.

АЛЫТУҚТ

ҚСОТАДСТЫ

ІІКБРЛ

ХААРЛТЫҚ

Сабақтың мақсаты:

Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

Бағалау критерийлері:

Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты іріктей алады;

Сұрақтарға деректер келтіріп жауап бере алады;

Проблемалық сұрақтар құрастырады, өмірмен байланысты мысалдар келтіреді.

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ойды анықтайды;

Халықтар достастығы туралы ой бөліседі;

Сұрақтарға ұтымды, дәлелді жауап береді;

Жауаптарын еліміздегі және әлемдегі жағдайлармен байланыстырады;

Сөйлеу тіліндегі интонация мен логикалық кідірістерді сақтайды;

Жұмыс нәтижесін комментарий беру арқылы өзара бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=LKpLzxcROgY

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өз жауабыңызды өмірмен байланыстырыңыз:

1. Алғашқы этномәдени орталықтар қашан пайда болды?

2. 1992 жылы барлық этнотоптардың орталығын құру мақсатында қандай шешім қабылданды?

3. Бірегей институт қалай аталады?

4. Қанша конфессия, ұлт өкілдерін біріктіреді?

5. Бүгінде бұл қандай орган?

6. Ұйымның сессиясы қаншалықты жиі өткізіледі?

7. Өз сессияларында ұйым қандай мәселелерді қарастырады?

8. Еліміздегі бұл ұйымның қызметі қаншалықты маңызды?

9. Халықтар арасындағы достықты сақтауға қосқан үлесі қандай?

10. Осы ұйымнан басқа елімізде ұлттардың мәдениетін сақтауға қандай істер атқарылады?

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

1. Қазақстан-..................., ................., ................. мемлекет.

2. Елімізде ...................................ұлт өкілі тұрады.

3. Қазақстанда тұратын халықтар арасында ..................................., ......................қарым-қатынас орнатылған.

4. Әр облыста этномәдени топтардың салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға арналған ........................ үйлері бар.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы -

........................................................................................................................................................................... ұйым.

Кері байланыс

«3-2-1» әдісі

3 маңызды мәселе

2 жаңа ақпарат

1 қорытынды түйін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу