Қазақстан халқы Ассамблеясы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Сабақтың түрі

Қайталау, алдынғы білімді бекіту сабағы.

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты

Публицистикалық және ресми стильдің айырым белгілерін қайталау.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіру, оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.

Барлық оқушылар:

Публицистикалық және ресми стильдің айырым белгілерін біледі,

логикалық екпіннің қойылу мәнін түсінеді

Оқушылардың көбісі:

Тәжірибе барысында мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін анықтайды, Сөйлеу тіліндегі интонацияның логикалық екпіннің қойылу себебін түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

Публицистикалық стильмен қатар авторлық стильді байланыстыра алады, мәтінді мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің стильдік ерекшеліктерін анықтайды;
  • Тілдік құралдарды ажыратады.
  • Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіреді

Дескриптор

  • Мәтін ішінен публицистикалық стильге сәйкес келетін дәлелдер келтіреді;
  • Мәтін ішінен ресми стильге сәйкес келетін дәлелдер келтіреді;
  • Интонация, кідіріс, екпін терминдерінің мағынасын түсіндіреді;
  • Мәтінді мәнерлеп оқиды

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум

Құқық, қоғамдық келісім, мемлекет мүддесі, ұлт өкілдері, ұлыстар, көп ұлтты мемлекет т.б.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар

Менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтар

Бірлік – табылмас байлық!

Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауына жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Сабақ барысында мұғалім кері байланыс беру арқылы оқушыларға қолдау көрсетеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, құқық негіздері

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. ОМ мен ЖК танысады.

  • Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауды қадағалайтын қандай ұйымдарды білесіздер?
  • Ұйымдардың іс-әрекеті туралы не білесіздер?
  • Аталмыш орталықтардың жұмысы қандай заңға негізделген?

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

10 мин

Оқылымалды тапсырмасы

«Сұрақтар алаңы». Оқушылар тақта алдына бір-бірден шығып, қоржын ішіндегі сұрақтарға ауызша жауап береді. Орнында отырған оқушылар айтылған жауаптарды толықтырып отырады.

  • Стильдің қандай түрлерін білесіз?
  • Публицистикалық стильдің ерекшеліктері қандай?
  • Ресми стильдің ерекшеліктері қандай?
  • Публицистикалық стильге қандай мәтіндерді жатқызуға болады?
  • Ресми стильге қандай мәтіндерді жатқызуға болады?

Мұғалімнің кері байланысы.

Оқылым тапсырмасы

Оқушылар ұсынылған мәтіндерді оқып, төмендегі кестені толтырады.

А мәтіні

Ұлттар достастығы – ұлттық бірлік пен тәуелсіздігімізді нығайту кепілі

Сыр өлкесі - атам заманнан сан ұлт өкілі бас қосқан, бақыт тапқан мекен. Жатсынуды білмейтін, қонағын құдайындай сыйлайтын сырбойылықтардың осы адами қасиеттері, бауырмалдығы, кеңпейілдігінің арқасында сан ұлттың сәні жарасып, тату-тәтті күй кешуде. Сондықтан да әрбір өзге ұлт өкілі Сыр елін құтты қоныс санайтыны белгілі.

Мұрағат құжаттарын ақтара отырып, Сыр елі талай ұлтқа пана болғанына көзі­міз жетеді. Сонау патшалық Ресейдің кезінд­е-ақ саяси сенімсіз адамдарды біз­дің территориямызға жер аударып отыр­ған. Сол дәстүр Кеңес заманы кезінде де жалғасын тапқандай. Перовскіде 1919 жылы 318 шетелдік тұтқындар тұрған. Олардың негізгісі поляктар мен австро-неміст­ер еді. Бұл халықтар әртүрлі өндіріс және мәдени орындарда қызмет етті. Австриялық офицер Станислав Людкеевич музыкадан дәріс оқыса, итальяндық Сибольди құрылысшы болған.

Республикамызға 1937-1938 жылдары бірнеше ұлттың өкілдерін жер аударып, күштеп көшіріп әкеле бастаған. Алғашқы құрбандардың бірі Қиыр Шығысты мекен­деген кәрістер болды. Осы бір еңбеккеш халық Орта Азия мен Қазақстанға еріксіз көшірілді. Тек қана 1937 жылы Қазақстанға 18 500-ге жуық кәріс отбасы жер аударылған. Қазақтар жаңа қоныстастарын жылы қабылдап, алдарына жер мен мал бөліп берді. Ал, облысқа келген кәріс­тердің арасында Қиыр Шығыстағы азамат соғысының ардагері, халық батыры­ Хон Бом До, Ге Бон У және басқа да ардагерл­ер мен еңбек адамдары бар­шылық.

Қазіргі таңда Сыр өңіріндегі 11 ұлттық этномәдени орталық елдің дамуына өзіндік үлестерін қосып, бірлік пен өзара түсіністік жағдайында жақсы нәтижелерге жетуде. Бұл дегеніміз біздегі ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығын білдіреді.

В мәтіні

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.

3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары — облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.

2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы

заңнамасы

1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Ассамблеяның мақсаты

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері

Ассамблеяның негізгі міндеттері:

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізінде Қазақстан халқы бірлігін нығайту;

3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

A Мәтіні

В Мәтіні

Түрі (мақала, әңгіме, баяндама т.б)

Стилі

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Тіл ерекшелігі

Жұмыс нәтижелері тексеріліп, «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағаланады. Қызыл түс – келіспеймін, сары түс – жауапты толықтырамын, жасыл түс – толықтай келісемін.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

«Диктор» ойыны. Оқушылар берілген мәтіндерден екі-үш сөйлемнен дауыстап оқиды. Интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсіндіреді.

Мұғалімнің сырттай бақылауы, кері байланысы

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=4019:2015-04-30-04-49-15&catid=3:2011-11-18-09-00-35&Itemid=3 Ұлттар достастығы – ұлттық бірлік пен тәуелсіздігімізді нығайту кепілі

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000070_ Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заң

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

«Плюc,минус» әдісі бойынша ауызша кері баланыс береді

Плюс

Минус

Сұрақ

Үйге тапсырма

«Бірлік – табылмас байлық!» тақырыбында публицистикалық шағын мақала жазу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – Қазақстан тарихы, құқық негіздері.

Қазақстан – түрлі ұлыстардың ортақ үйі.

Мұғалім оқушылардың өзара қарым-қатынас жаусауына жағымды психолгиялық ахуал орнатады.

Сабақ барысында мұғалім кері байланыс беру арқылы оқушыларға қолдау көрсетеді

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты. Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта оқушылар теориялық білімін тәжірибеде сынайды, мақала жазып үйренеді.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: мәтінді талдау принциптерін анықтау

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Сөз әдебі мен сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу