Менің Отаным – Қазақстан. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал.
1. Төмендегі қарамен белгіленген сөздердің қолданылу ерекшелігін (көркемдегіш құралдар) түсіндіріңіз.
Менің отаным – Қазақстан!
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Осы жолда Бөгенбай, Қабанбай секілді арыстандай батырларымыз толарсақтан қан кешіп, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды жорғаларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, Отан үшін мерт болды.
Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған таң шуағын шашып, нұрымен кең әлемді жылытты. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды. Әрине, мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады. Осы тұста туымыз көк түске боялып, қалықтаған қыран бейнесі бейбітшілікті, ашық аспанды білдірді. Ортасындағы алтын арайлы күн барша ғаламға өз махаббатын сыйлап, күлімдеп тұрған сыңай танытады. Еліміз барша әлемге бейбітшіліктің ұранын жар салып, келісімнің кілті бола алды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, бейбітшіліктің кіндігі екендігін таныта алды.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.
Адамзат баласының татулыққа ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?