Менің Отаным – Қазақстан. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Менің Отаным – Қазақстан.

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаты

Жанрлық стиліне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып мақала жазады.

Барлық оқушылар:

Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды барынша ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

Мақала жаза алады, көркемдегіш құралдарды қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Өзіндік стильде көркемдегіш құралдарды нақышына келтіре отырып мақала жазады.

Бағалау критерийлері

  • көркемдегіш құрал түрлерін біледі
  • жазба жұмысын стилі мен жанрына сай жазады
  • жазба жұмысында көркемдегіш құралдарды пайдалана алады

Дескриптор

  • көркемдегіш құрал түрлеріне ажыратады;
  • мәтіндегі көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін түсіндіреді
  • мақалада кем дегенде 5-6 көркемдегіш құралдарды қолданады
  • тақырыпты ашады
  • стильдік ерекшелікті сақтайды
  • 60-80 сөзден тұратын шағын мақала жазады

Тілдік міндеттер

Тәуелсіздік, бейбітшілік, ұран, жар салу, көп ұлтты, ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық және т.б.

Құндылықтар

Сыйластық, Отанын сүю

Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка. Қазақтың киелі домбырасы.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

 Ұйымдастыру кезеңі.

 Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тақырыпқа шығу мақсатында туған жер туралы бейнежазба көрсетіледі.

 Мұғалім оқушыларға ой қозғау мақсатында келесі сұрақтарды қояды:

 

  • Туған жер, Отан дегеніміз не?
  • «Туған жердің қадірін сыртта жүргенде білерсің» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
  • Отанымыз тыныш болу үшін не істеу керекпіз?

 Мұғалім оқушыларға сабақтың оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін түсіндіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=aCEyBjTKSVc

Слайд №1

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

22 мин

Мағынаны тану кезеңі.

Жазылымалды тапсырма

1. Төмендегі қарамен белгіленген сөздердің қолданылу ерекшелігін (көркемдегіш құралдар) түсіндіріңіз.

Менің отаным – Қазақстан!

 Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Осы жолда Бөгенбай, Қабанбай секілді арыстандай батырларымыз толарсақтан қан кешіп, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды жорғаларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, Отан үшін мерт болды.

 Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған таң шуағын шашып, нұрымен кең әлемді жылытты. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент болып сайланды. Әрине, мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады. Осы тұста туымыз көк түске боялып, қалықтаған қыран бейнесі бейбітшілікті, ашық аспанды білдірді. Ортасындағы алтын арайлы күн барша ғаламға өз махаббатын сыйлап, күлімдеп тұрған сыңай танытады. Еліміз барша әлемге бейбітшіліктің ұранын жар салып, келісімнің кілті бола алды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, бейбітшіліктің кіндігі екендігін таныта алды.

 Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.

 Адамзат баласының татулыққа ұмтылуы әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын.

2. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

3. Көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен татулығын насихаттайтын жарнама жазыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Тақырыпты аша алады
  • Көркемдегіш құралдарды пайдалана алады
  • Сөз саны: 60-80 сөз

Қима қағаз 1

Қима қағаз 2

Қима қағаз 2

Сабақтың соңы

3 мин

 Мұғалім: Оқушылар сабақта өздеріне қатты әсер еткен тұсы, қиындық тудырған мәселе жайында рефлексия жасайды.

Слайд №3

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Барлық оқушылар:

Мәтіндегі көркемдегіш құралдарды барынша ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

Мақала жаза алады, көркемдегіш құралдарды қолана алады.

Кейбір оқушылар:

Өзіндік стильде көркемдегіш құралдарды нақышына келтіре отырып мақала жазады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, физика.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. жануарлардың сөздерін сәйкестендіре алды.

2. Үй жануары мен техника арасындағы ерекшеліктер мен айырмашылқтар аша алды.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1. Көркемдегіш құрал түрлері бойынша қосымша ақпараттар беру.

2. Көркемдегіш құралдарды мәтіндерен табуға дағдыландыру..

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Теориялық білімді беру, оны тәжірибеде қолдана алуын бақылау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу