Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
САБАҚ: 1 | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.О6 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. 7.ӘТН4.2 Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: еліктеу сөз, еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: бас, мойын, кеуде, шанақ, қақпақ, құлақ, тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, шек, үндік (ойық), пернелер, қалқа, серпер, желкелік, түйме, өрнек, бас (жоғарғы), негізгі тиек, түйме тиек, табалдырық (шайтан) тиек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | «Музыка» пәнімен біріктіріп өткізуге болады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Сүйіспеншілік пен достық» бөлімері арқылы тілдік дағдыларды дамытты. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 минут |
Оқушылар слайдта көрсетілген суреттер туралы ойларын айта отырып, бөлімнің тақырыбын болжайды.
| слайд №1 слайд №2 слайд №3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 минут 2 минут 5 минут 2 минут 10 минут 5 минут 2 минут 3 минут 5 минут 2 минут | Оқылым алды тапсырма Сыныптың алдына домбыра әкелінеді. Оқушылардан оның қандай бөліктерден тұратындығы сұралады. Білетін оқушылар домбыраны қолдарына алып, оның құрылысы туралы сөйлейді. Оқылым тапсырмасы Оқушылар «Домбыра» мәтінінің мазмұнымен танысады. Домбыра Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары халқымыздың тұрмысы мен тіршілік қам-қарекетіндегі, салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы, тарихы мен өнеріндегі бірегей заттық мұрасы, рухани-мәдени байлығы болып табылады. Қазақтың шертпелі аспаптарының ішіндегі ең көп қолданылатыны және көптеген үлгі нұсқалары бары – домбыра. Домбыраның шанағы тұтас ойып та, құрап та жасалады. Домбыралардың сырт нұсқалары әртүрлі болып келгенімен, жасалу әдіс-тәсілдері мен бөлшектері ортақ. Домбыра негізінен бес бөліктен тұрады.Олар бас, мойын, кеуде, шанақ, қақпақ. Осыларға қосымша құлақ, тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, шек, үндік (ойық), пернелер, қалқа, серпер, желкелік, түйме, өрнек, желбезек тақтайша деп аталатын қосалқы бөлшектері де бар. Тиектің де бірнеше түрі бар. Олар: бас (жоғарғы), негізгі тиек, түйме тиек, табалдырық (шайтан) тиек. Бұл бөлшектерсіз домбыра үн шығармайды, ойнауға келмейді. Қазақ дүниетанымы бойынша, домбырада қолөнер, орындаушылық, күйшілік секілді танымдық құндылықтар жинақталған. Адам көкірегіне нұр құятын, жамандықтан сақтайтын күшке ие аспап ретінде оған үкі, қоңырау тағып, төрге іліп қастерлейді. Шағын үлгіде жасалатын, балаларға арналған екі шекті түрі – шіңкілдек. Шіңкілдектің үні басқа аспаптардың дыбысымен қосылғанда , ашық естіліп, ерекшеленіп тұрады. Домбыра тобындағы әлі де болса сирек қолданылатын нұсқасы – үш шекті домбыра. Аспап шек саны, бұрауы және үш шекте орындалатын күй шығармаларымен ерекшеленеді. Ұлы Абайдың кезінде өз ән-күйлерін сүйемелдеген үш шекті тарихи домбырасы сақталған. Тапсырма №1 Т. Әрбір топ бірінші абзацқа бір-бір сөйлемнен комментарий айтады. Ф. Қай топтың комментарийі абзац мазмұнына сай сәтті шыққаны туралы айтып, ауызша бағалайды. Тапсырма №2 Т.Топтарға екінші абзац бойынша сөздердің мағыналарын зерттеуге сөздер беріледі.
Кері байланыс «Біздің анықтама» және «Сөздіктегі анықтама» бойынша мағыналары жазылмай қалған сөздер аталады. Оған басқа топтардан сол сөздердің мағынасын білетін оқушылар жауап береді. «Біздің анықтама» бөлігін сол оқушылардың айтуымен толтырады, ал «Сөздіктегі анықтама» бөлігін қосымша мәліметтерден іздестіріп, зерттеп оқып келулеріне тапсырма беріледі. Олар мына сөздердің мағынасын зерттеуге алулары мүмкін: бас тиек, негізгі тиек, түйме тиек, табалдырық тиек. Ф. «Біздің анықтамадағы» мағыналары сөздіктегі мағынаға сәйкес келетін топтар аталып, бағаланады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма Тапсырма №3
«Шіңкілдек» сөзінің түбірін табады, мағынасын анықтайды. Тапсырма №4
Ұсынылатын еліктеу сөздер: Шіңк, тыңқ, таңқ, саңқ, тарс, лып, жылп, сарт, қылп, сыңқ. Ф. Әр сөз 1 ұпай боп есептеледі. Егер басқа топ жауап берсе, ұпай сол топқа қосылады. | З. С. Жәкішева Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары «Алматыкітап» баспасы 2009 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия. 2 минут | Бүгінгі сабақта
| Слайд №4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?