Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.


А мәтіні

«Сарыарқа» республикалық велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномəдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтті.

Фестиваль барысында балалар үйінің тәрбиеленушісі, павлодарлық Алексей Лодочников «Алау» тобы және әнші Димаш Құдайбергенмен бірге «Балқадиша» әнін орындап берді. Осы арада біз оның осы фестивальда ән шырқауына мүмкіндік алуының сырын айта кетейік. Халықтар достығына арналған бір жиында Алексей Лодочников Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, «Аса құрметті Елбасы, менің есімім – Алексей Лодочников. Мен тағдырдың жазуымен аудандық балалар үйінде тәрбиелендім. Қазір музыкалық колледжде оқимын. Әйгілі атамыз Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесінде «Балқадиша» әнін орындаған. Келер жылы Астана ЭКСПОда мен де сол әнді орындағым келеді», – деген. Сол кезде Президент: «Жақсы, орындасаң, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концертке шақырамыз», – деп уәде берді. .

Павлодар облысында дарынды балаларға арналған музыкалық мектебінде оқыған Алексей Лодочников қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен. Үш жасынан бастап жетімдер үйінде тәрбиеленіп өскен. Елуге жуық қазақ әнін жатқа білетін белсенді бала

7 жасынан бастап домбыра шертеді. Ол 20-ға жуық күйді меңгерген. Алексей Лодочниковтың өнерге деген талпынысы ерекше. Дәстүрлі әнге ден қойған Алексей өлеңнің сөзіне мән беріп, оның мағынасын терең ұғынып барып, орындауды игерген.

"Менің 2 жақсы көретін әнім бар. Олар – "Қазақ осы" мен "Бұлбұлым" әндері. Қазақ халқы қандай қарапайым, кеңпейіл халық екендігін баяндайды. Әнде әр түрлі ұлттық ойын туралы да айтылады, ақынның, батырдың есімдері де кездеседі", - дейді Алексей.

Қазақы құндылықтарды бойына сіңіріп өскен Алексей үлкен сахнаға шығуды армандайды.

Жолдыбай БАЗАР, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» https://pdf.egemen.kz/pdfs/2016/12/10122016-web.pdf

Ә мәтіні

Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі

«Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы А.Т. Жоламанұлына

Сұраныс

 Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілетін «Жауһар өнер» атты жас термешілер мен күйшілердің қалалық байқауына Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары Ғалымұлы Сәкен мен Жасқайрат Аружанды қатыстыруыңызды сұраймын.

 Оқушылар туралы мәліметтер қосымша тіркелді (Қосымша 1).

Мектеп директоры: Айдарбеков С.Ж.

 

Орындаған: Жанәбілова С.М.

Телефон: 87012755272

Қосымша – 1

Оқушылар туралы мәлімет

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Жасы

Орындайтын шығармасы

1

Ғалымұлы Сәкен

8

13

Құрманғазы Сағырбайұлы «Сарыарқа»

2

Жасқайрат Аружан

8

12

Майлықожаның термесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу