Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 8 сабақ.
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:
Бөлім | 5-БӨЛІМ: МУЗЫКА ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ ДОМБЫРАСЫ | ||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 7О4 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. | ||||||||||||||||
Ойлау деңгейі | талдау | ||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтіндердің стильдік ерекшелігін ажыратады, салыстырмалы талдау жасайды | ||||||||||||||||
1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңыз. А мәтіні Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпыхалықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс. Домбыра патилер, әдетте, аптаның белгіленген бір күнінде бұқара көп шоғырланатын қаланың қоғамдық орындарында, яғни, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Шарада домбырада күйлер тартылады немесе аспап сүйемелдеуімен әндер шырқалады. Қозғалыстың ерекшеліктерінің бірі — аспаптарда тек өнер шеберлері немесе арнайы оқу бітірген мамандар ғана емес, сонымен қатар кез-келген адам ойнай алардай дәрежеге жеткізуге үлес қосу. Шараға тек домбырашылар ғана емес, өзге ұлттық аспаптарда ойнай алатын өнерпаздар және тыңдармен-көрермендер қатыса алады. Шара жайлы, қатысушыларды шақыру әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Домбыра пати- қазақ блогерлері мұрындығымен 2012 жылы туындаған қозғалыс. Шаралар тізбегі Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент, Қызылжар, Жаңаөзен, Орал сияқты Қазақстанның ірі қалаларында, Моңғолиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағында, сонымен қатар Ыстамбұл, Лондон сияқты әлем метрополияларында өткізіліп келеді. Ә мәтіні Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тәтті күй,Тау суындай сылдыра,Желпін, желпін жел соқтыр!Тауда тұман тұрмасын, Көкте бұлт ыдыра!Тыңдамаған қоймасын,Ойды-қырды қыдыра,Құлшына тарт, домбыра! Екі желі, үш қазық,Тоғыз ноқта домбыра,Ойнатайын он саусақ,Құлындайын құлдыра.Бозда-бозда бота күй,Қашағанды қудыра,Құлшына тарт, домбыра!
2-тапсырма: Берілген кестеге сұрақтардың жауабын жазыңыз. Қысқаша салыстырмалы талдау ұсыныңыз.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?