Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж5.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

Синоним сөздерді біледі

Тыныс белгілерді ажыратады

Көптеген оқушылар

Берілген сөздердің синонимін таба алады

Тыныс белгілерді дұрыс қолданады

Кейбір оқушылар

Жинақы мәтін жаза алады

Бағалау критерийлері

  • Оқылым мәтіні бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады
  • Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: үтір, сызықша, тырнақша, нүкте, синоним

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: рухын асқақтатты, домбыраға жүгінген, күй – құліретті, домбыра өнерінің шарықтауы, адам жанын тебірентеді

Пәнаралық байланыс

Өнер

Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Ұйымдастыру

2 минут

10 минут

  • Оқушылармен амандасу;
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылады.

Оқушылар берілген сөздердің мағынасына қарай топтастырады, неліктен солай топтастырғандықтарын түсіндіреді.

Әдемі, ақсақал, жақын, намыс, сәби, мерзім, биік, батыр, ғұмыр, сұлу, заңғар, кез, қария, ержүрек, жуық, мезгіл, ар, көркем, батыл, бала, өмір, таяу, уақыт.

(Оқушылар бұл сөздер синонимдер екенін тауып, синонимнің не екенін түсіндіру керек).

Оқушылар жауабынан кейін мұғалім кері байланыс беріп, синоним туралы толықтыра кетеді.

слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

7 минут

5 минут

15 минут

Оқушыларға «Домбыра – дала киесі» мәтіні таратылады.

Түсініп оқиды.

ЖЖ

Мәтін оқылғаннан кейін оқушыларға стикер таратылады, әр оқушы мәтінге тірек сөз болатын 3 сөзді жазып, синонимін табады. Тірек сөзді стикерге, синонимін дәптерге жазады.

Сынып екіге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы 2 қатарға тұрады, қарсы тұрған 2 оқушы бір-біріне стикерлеріндегі сөзді көрсетіп, синонимін табу керек.

Барлық жұп бір мезгілде орындайды, мұғалім сырттай бақылап жүреді.

Кері байланыс: жұптар бір-бірінің жауабы дұрыс, дұрыс еместігін айтып, бағаларын береді.

Оқушылар сөйлем ішінде қолданылған тыныс белгілерге назар аударады, қойылу себебін түсіндіреді.

Оқушылар жауабынан кейін мұғалім сөйлем ішінде үтір, сызықша, тырнақшаның қойылу себебі туралы түсінік береді.

Ж.

Оқушыларға мәтіннің тыныс белгілері алынып тасталған нұсқасы беріледі.

Тапсырма.

Мәтіндегі ақпарат желісін сақтап, тезис түрінде «Күй құдіреті» тақырыбында 80-100 сөз көлемінде жинақы мәтін жазыңыз.

Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің орнына синонимдерін қолданыңыз және тыныс белгілерін дұрыс қойыңыз.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Оқылым мәтіні бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады

  • Сөздер мен сөз тіркестерінің синонимін таба алады.
  • Жинақы мәтін жаза алады

Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Сөйлем ішіндегі тыныс белгілерді дұрыс қолданады

http://old.el.kz/blogs/entry/content-2789

слайд

Рефлексия

3 минут

Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу