Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Дидактикалық материалдар.
Тыңдалым алды тапсырма
- Оқушылар, қандай ән тыңдағанды ұнатасыңдар?
- Домбырамен орындалған әндерді тыңдап көрдіңіздер ме? (Тыңдадым деген оқушы болып, авторын айтып жатса, қол соғып «Керемет» деп марапат айтуға болады.)
- Тыңдасаңдар қандай сезімде боласыңдар?
https://kaztube.kz/video/236219 3,10 минут
Әнші Мөлдір Әуелбекованың «Домбыра туралы баллада» әні тыңдатылады.
Күй ойнайды қазағымның қанында,Күй ойнайды қазағымның жанында.Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі -Күмбірлеген домбырасы барында. Қайырмасы: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,Анамыздың сырысың сен, домбыра.Қазағымның жүрегінен жаралған,Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Қайырмасы: Домбырадай шежіре жыр болмаған,Даламыздың тағдырларын толғаған.Армандарын,армандарын,армандарын халқымның,Аманат қып ұрпағына жолдаған. Қайырмасы:
- Оқушылар алдыңғы сабақта меңгерген білімдерін еске түсіреді.
- (Әннің сазын, оның мәтінін мұқият тыңдау). Мәтіннен бейнелі сөздерді түртіп алады.
- Интербелсенді тақтадан домбыраның суреті көрсетіледі. жанына әннен тапқан сөздерді топтастырып жазады.
- Бабамыздың мұңы, Анамыздың сыры, Даламыздың үні,
- қаны мен жанында күй ойнау, жүректің дүрсілі, күмбірлеген күйі,қуаныш пен
- қайғы мұңды жырлаған домбыра
Оқушылар жұптасып, өздерінің ән мәтінен қанша бейнелі сөзді тапқанын, оның мағынасын ашу арқылы түсіндіріп өтеді. Мұң, сыр, үн, күмбірлеген, жырлағын сөздерін сөздік арқылы синонимдік қатарын жазады.
Жазылым алды тапсырма.
- Ән мен күй тыңдау да өнер.
Тақтадан Абайдың өлеңінен үзінді көрсетіледі.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Бұл кімнің өлеңі екені сұралады. Ендеше тамаша күйші А.Еңсеповтің Құрманғазының «Адай» күйін тыңдайды.
https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8
Ұзақтығы 2,30 минут.
«Ортада сұрақ»
- Күй ұнады ма?
- Кімнің күйі? Орындаушысын білесіңдер ме?
Тапсырма. «1 минут» стратегиясы.
Жұптық жұмыс.
1 минут ішінде тыңдаған күйден не ұққандарын жұптаса отырып пікірлеседі, ойларын ортаға салады.
Сол күйді тыңдаған сәттегі сезімдері мен ұққан ойларын қолдарына берілген домбыра суретіне жазып қабырғаға іледі.
Жазылым негізіндегі тапсырма
Алдыңғы тыңдағандары мен пікір алысқан ойларын жинақтай отырып, жазылым тапсырмасына көшеді. Күй туралы жазғандарын бір қайталап қарап шығуға болады.
«Домбырадағы халық шежіресі» тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз.
Жұпта отырған оқушылар бір –бірінің мәтінін тексере отырып, түзету енгізеді. Домбыраға қатысты кейбір сөз тіркестерін синонимдік қатармен өзгертіп жазады.
Жазылым соңындағы тапсырма.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдында оқиды.
Синонимдік қатарды дұрыс қолданған оқушыларға әдемі домбыраның суреті сыйға беріледі.(шағын сувинер де болады)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?