Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 6 сабақ.
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Сабақтың оқу мақсаттары:
7.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Бағалау критерийлері:
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылу,
берілген сөздердің синонимдік қатарын ауыстыру,
лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Тыңдалым алды тапсырма
Қандай ән тыңдағанды ұнатасыңдар?
Домбырамен орындалған әндерді тыңдап көрдіңіздер ме?
Тыңдасаңдар қандай сезімде болдыңдар?
Әнші Мөлдір Әуелбекованың орындауында Кеңес Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада» әнін тыңдау.
https://kaztube.kz/video/236219
Домбыра туралы баллада
Сөзі: Шөмішбай Сариев
Әні: Кеңес Дүйсекеев
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.Жүрегiнiң, жүрегiнiң, жүрегiнiң дүрсiлi – Күмбiрлеген домбырасы барында.Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,Анамыздың сырысың сен, домбыра.Қазағымның жүрегiнен жаралған,Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген,Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.Үзiледi, үзiледi, үзiледi әуендер,Ғашықтардың көз жасындай пернеден.Қайырмасы:Домбырадай шежiре жыр болмаған,Даламыздың тағдырларын толғаған.Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,Аманат қып ұрпағына жолдаған.Қайырмасы:
Әннен тапқан бейнелі сөздерді топтастырып жазу.
Жазылым алды тапсырма
Ән мен күй тыңдау да өнер.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Бұл кімнің өлеңі? Екі жол өлең үзіндісінен не ұқтыңыздар?
https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8
«Ортада сұрақ»
- Күй ұнады ма?
- Кімнің күйі? Орындаушысын білесіңдер ме?
Тапсырма.
Жұптық жұмыс.
1 минут ішінде тыңдаған күйден не ұққандарын жұптаса отырып пікірлеседі, ойларын ортаға салады.
Сол күйді тыңдаған сәттегі сезімдері мен ұққан ойларын қолдарына берілген домбыра суретіне жазып қабырғаға іледі.
Жазылым тапысрмасы.
«Домбырадағы халық шежіресі» тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдында оқиды.
Рефлексия
Сабақтың ең...
Ең....
Ең...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?