Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
САБАҚ: 3 | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 7Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы | |||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Өтілген дағдыларды қалыптастыру сабағы | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Бабамыздың мұңы, анамыздың сыры, даламыздың үні, күмбірлеген күйі, Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Егер мен дұрыс ұқсам,онда ..? , Яғни, сенің айтуын бойынша..?" | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | АКТ, Саз пәні, Қазақстан тарихы. | |||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық; | |||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Т/А4 Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың бастапқы кезеңі 7 минут | Ұйымдастыру жұмысы. Қызығушылықты ояту. Тыңдалым алды тапсырма
Пікір білдірген соң бейнебаян тыңдатылады. https://kaztube.kz/video/236219 3,10 минут Әнші М.Әуелбекованың «Домбыра туралы баллада» әні тыңдатылады. Оқушылар алдыңғы сабақта меңгерген білімдерін еске түсіреді. (Әннің сазын, оның мәтінін мұқият тыңдау). Мәтіннен өздері ұғып қалған әрі бейнелі сөздерді түртіп алады. Оқушылар сабақтың оқу мақсатымен және бағалау критерийімен танысады. | ӨД = өзге дерек көздері Ақпарат көзін пайдалану | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 5 минут 7 минут 7 минут 3 минут 5 минут | Интербелсенді тақтадан домбыраның суреті көрсетіледі. жанына әннен тапқан сөздерді топтастырып жазады. Бабамыздың мұңы,Анамыздың сыры, Даламыздың үні, қаны мен жанында күй ойнау, жүректің дүрсілі, күмбірлеген күйі,қуаныш пен қайғы мұңды жырлаған домбыра ЖЖ.Оқушылар жұптасып, өздерінің ән мәтінен қанша сөзді тапқанын, оның мағынасын ашу арқылы түсіндіріп өтеді. Мұң, сыр, үн, күмбірлеген, жырлаған сөздерінің сөздік арқылы синонимдік қатарын жазады. Оқушыларға бағалау критерийлерімен беріледі.
Кері байланыс. «Октава» әдісі бойынша оқушылар өз деңгейлерін анықтайды. Жазылым алды тапсырма.
Тақтадан Абайдың өлеңінен үзінді көрсетіледі. Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Бұл кімнің өлеңі екені сұралады. Ендеше тамаша күйші А.Еңсеповтің орындауында Құрманғазының «Адай» күйін тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8 Ұзақтығы 2,30 минут. «Ортада сұрақ» - Күй ұнады ма? - Кімнің күйі? Орындаушысын білесіңдер ме? Тапсырма. «1 минут» стратегиясы. Жұптық жұмыс. 1 минут ішінде тыңдаған күйден не ұққандарын жұптаса отырып пікірлеседі, ойларын ортаға салады. Сол күйді тыңдаған сәттегі сезімдері мен ұққан ойларын қолдарына берілген домбыра суретіне жазып қабырғаға іледі. Жазылым негізіндегі тапсырма Алдыңғы тыңдағандары мен пікір алысқан ойларын жинақтай отырып, жазылым тапсырмасына көшеді. Күй туралы жазғандарын бір қайталап қарап шығуға болады. «Домбырадағы халық шежіресі» тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз. Жұпта отырған оқушылар бір –бірінің мәтінін тексере отырып, түзету енгізеді. Домбыраға қатысты кейбір сөз тіркестерін синонимдік қатармен өзгертіп жазады. Жазылым соңындағы тапсырма. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдында оқиды. Синонимдік қатарды дұрыс қолданған оқушыларға әдемі домбыраның суреті сыйға беріледі.(шағын сувинер де болады) Кері байланыс.
| МЖ = Мұғалім жасаған www.youtube.com/ | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. Сабақтың ең... Ең.... Ең... | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?