Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Полилог (грек, polysкөп, logosсөз, әңгіме) — бірнеше адамның арасында болатын әңгіме. "Полилог" термині тілдің қарым-қатынастық қасиетін зерттеуде "диалог" терминіне қосымша қабылданған. Сөйлесушілердін саны екеу немесе одан көп болуы диалогтің сипатына қайшы келмейді, қайта олардың монологқа қарама-қарсы ортақ қасиетін аша түседі. Полилог сөйлеу тілінің формасы мен жанрына жатады.

Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы пікір алмасатын ауызекі сөйлеу формасы. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті ала алады. Мысалы, егер өзіне берілген мағұлмат толық болмаса, қарсы сұрақ қою арқылы күткен жауабын толықтырады. Диалог қысқа түрде екі немесе үш сөйлемнен мазмұны жағынан көлемді келеді. Диалогта келесі айтылымдардың қолданылатынын байқаймыз: сөйлемде фразаларды кірістіріп қолдану, сөзге  жауап күту т.б. Диалог барысында сөйлесуші сөз орнына  ым-ишара мен ауыз екі сөйлеу түрлерін пайдаланады.

Диалогпен қатар тағы бір сөйлеу түрі бар. Ол «монолог» деп аталады. Монолог - кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі - бір адамның ойы бір ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайевтің «болыс болдым мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай ("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері – Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады.

Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы –  «интраперсоналды сөйлеу».

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі

Ақ қалпақ- эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын, жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас. Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.

Сары қалпаққа қарама-қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.Бұл философиялық , пысықтау қалпағы.. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, екіншіден- өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу