Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 4 сабақ.


Бөлім / Тақырып

5-бөлім:Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Күй құдіреті

Оқу мақсаты

7.ӘТН2; Орфоэпиялық норма.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Ойлау дағдысының деңгейі

қолдану

Бағалау критерийі

Мәтіндегі интонация мен кідірісті анықтайды.

Мәтіннен логикалық екпін түскен сөзді табады.

Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтін үзінділері арқылы кейіпкерлердің сөйлеу тілінен логикалық екпін түскен сөздің астын сызу. Кідіріс белгісін қою.

(.)-қысқа кідіріс, (..)-ұзақ кідіріс

  •  Кімде кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,- деп халыққа жар салыпты.

Тақта мүлгіп отырған хан сәл басын көтеріп:

  •  Мынау ненің үні? Барып біліңдерші? Егер менде шаруасы бар адам болса мында алып келіңдер! – деп уәзірлерінің біріне әмір етеді.

Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. Хан оған:

  • Қайдан жүрген адамсың мұнда келу мақсатыңды айт! – дегенде домбырашы:
  • - Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген  бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім,- депті.
  • Е, олайболсадомбыраңдытарт! – депті хан.

Бұл сөзді естуі сол-ақ екен, күйші домбырасының бұрауын қоңыр дауысқа келтіріп, әрбір қығысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қатал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естисің бе, хан ием, қайғылы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, айтпақ ойынан хабар береді.

  • Ұстаңдар, мына  күйшіні! – деп, уәзірлеріне әмір етіпті.

Сонда күйші ханға қарап:

  •  Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ едім ғой, жазығым өзіңіздің ұлықсатыңызбен күй тартқаным ба? Барлық сырды ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе? – депті.

Хан осы жерде сөзден жеңіліп, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да бәрі бір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын» деп, бұйырып, домбыраның қақпағынан көмей тесігін жасап қорғасын ерітіп құйғызыпты. Содан бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Мәтіндегі кідіріс түрлерін анықтап, логикалық екпінді табады.

Кідіріс түрлерін белгілейді;

Мәтіннен логикалық екпін түскен сөзді анықтайды;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу