Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Қосымша мәлімет:

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы. 1)Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.

2)Логикалық екпін — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Логикалық екпін сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.

3)Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.

Ақсақ құлан

 Қазақтың күйшілік өнеріндегі ең бір көне күйлердің бірі халық күйі «Ақсақ құлан» болып есептеледі. Бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен байланысты. Бізге жеткен, осы күнде айтылып, әртүрлі басылымдарда жарияланып жүрген  бұл күйдің аңызы бойынша ертеректе домбыра үш ішекті, көмей тесігі болмаған деп жазылып келеді. Күйші Кербұқа ханның алдында күй тартқанда домбыраның үнінен «Балаң өлді, Жошы хан» деген сөздер естілді деп келтіріледі.

«Ақсақ құлан» күй-аңызының тағы бір нұсқасы бар:

 Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күндер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін әкесі сезеді. Енді не болса да жаман хабарын естігісі келмеген хан:

 — Кімде кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,- деп халыққа жар салыпты.

 Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біледі, бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды. Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Бірақ күзетшілерден асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. Кешкіғұрым саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап, орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. Тақта мүлгіп отырған хан сәл басын көтеріп:

 — Мынау ненің үні? Барып біліңдерші? Егер менде шаруасы бар адам болса мында алып келіңдер! – деп уәзірлерінің біріне әмір етеді.

 Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. Хан оған:

 — Қайдан жүрген адамсың мұнда келу мақсатыңды айт! – дегенде, домбырашы:

 — Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген  бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім, — депті.

 — Е, олайболса,домбыраңдытарт! – депті хан.

 Бұл сөзді естуі сол-ақ екен, күйші домбырасының бұрауын қоңыр дауысқа келтіріп, әрбір қығысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қатал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естисің бе, хан ием, қайғылы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен сезіктенген уәзірлерінің бірі:

 — Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі?  — дегенде, хан айналаотырғандарға, домбырашыға қарап:

 — Мына бастағаның, сенің тартатын, менің естіп, тыңдайтын күйім емес екен. Бірақ әдейілеп келген екенсің тарт, тарт!  — депті. Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның көмейінен:

Ақсақ құлан шошыған,

Қырда еркін жосыған.

Тынышын бұзып құланның,

Оқ атқан сіздің ұлыңыз,

Опатболдыосыдан.

Хабарынсоныңайтуға,

Арып-ашыпалыстан,

Келіптұрмынаудомбыра,

Болған істің барлығын,

Қалдырмайтүгелбаяндар.

Үніне оның құлақ сал,

Қаумалаған, халайық,

Хан бастағанжарандар, — дегенқайғылыүнкүңіреніпестіледі. Әсіреседомбыраныңәрбірбуынында: «опатболды»дегенсөздерадамайтқандай ап-анықестіліп, қайталанып тұрады. Мұныестігендетөрдеотырған  ханегіліпжылайды. Ханның  шешесі мен әйелі, қызықаттықапаланыпзарлайды. Домбыраның «сиқырлы сазы» мен қайғылыүніненесікетіпәлсіреген хан:

 — Ұстаңдар,мына  күйшіні! – деп, уәзірлерінеәміретіпті. Сонда күйші ханға қарап:

 — Уа, тақсыр! Мен аузымдыашып, ештеме де айтқанымжоқедімғой, жазығымөзіңіздің ұлықсатыңызбен күй тартқаным ба? Барлықсырдыашып, айтыпбергенмынаудомбыраемеспе? – депті. Хан осы жердесөзденжеңіліп, бергенжарлығынорындауүшін «кімболса да бәрібір, қаралы хабар әкелгенніңүніөшіп, жазасыналсын» — депбұйырып, домбыраныңқақпағынанкөмейтесігінжасапқорғасынерітіп құйғызыпты. Соданбастапдомбыраныңкөмейтесігіпайдаболғанекендеседі.

 Бұл күй ел арасына «Ақсақ құлан», кей жерлерде «Ақсақ құлан, Жошы хан» деген атпен тарап кеткен. Күйші-зерттеуші Тымат Мерғалиевтың жазып алған бұл нұсқасының ноталық үлгісі  1982 жылы «Қазақтың музыкалық фольклоры» атты ғылыми жинақта да жарық көрді. Күйдің басқа нұсқалары кейінгі ұрпаққа атақты күйшілер Оқап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Шәміл Әбілтаев, Нұрғиса Тілендиевтар арқылы жетті. Қазіргі кезде бұл күй барлық шебер орындаушылардың репертуарларынан орын алған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу