Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 1
Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады.
Тестілеуден қайта өту мүмкіндігі бар. Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз. 1. Өлеңнің ұйқас түрін анықтаңыз.
A) қара өлең ұйқасы
B) шалыс ұйқас
C) кезекті ұйқас
D) аралас ұйқас
2. Өлең қалай басталатындығын көрсетіңіз.
A) «Дариға, домбырамды берші маған»
B) «Төгіл, төгіл, тәтті күй»
C) «Тарт күйіңді, домбыра!»
D) «Беу, домбыра!»
3. Өлеңде кездесетін эпитетті табыңыз.
A) бота күй
B) қамыс құлақ
C) сағым жылдар
D) арман мекен
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта ...
A) домбыра
B) күй
C) жыр
D) қобыз
5. Өлең не туралы жазылғандығын табыңыз.
A) домбыраның қасиеті, күй құдіреті туралы
B) жаугершілік заман туралы
C) Жошының өлімі жайында
D) «Ақсақ Құлан» күйінің шығу тарихы жайында
6. Өлеңдегі «қашаған» сөзінің мағынасын табыңыз.
A) тарихтан белгілі танымал тұлға
B) туған жерін тастап кеткен адам
C) мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы
D) Қазақстандағы танымал кен орны
7. Көп нүктенің орнына тиісті тіркесті қойыңыз. Домбыра – қазақ халқының ...
A) көне кітабы
B) діни құралы
C) жаңа аспабы
D) ұлттық аспабы
8. Өлең қалай аяқталатындығын белгілеңіз.
A) «Желпін, желпін, жел соқтыр»
B) «Домбыра, сенде мін бар ма?»
C) «Құлшына тарт, домбыра!»
D) «Арман болған домбыра»
9. Өлеңдегі теңеулерді табыңыз.
A) Тәтті-тәтті әңгіме айт, Жаңа өмірді жыр қыла
B) Тауда тұман тұрмасын, Көкте, бұлт, ыдыра!
C) Тау суындай сылдыра, Құлындайын құлдыра
D) Өлеңде теңеу жоқ
10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
Ойнатайын он ..., Құлындайын құлдыра.
A) күндей
B) саусақ
C) бөбек
D) өнер
Бағалау критерийі | Бағалау дескрипторы: | ||||
әдеби көркемдегіш тәсілдерді ажырата алады. |
| ||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?