Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 3 сабақ.


Музыка өнері және қазақтың

киелі домбырасы

Бөлімнің тақырыбы:

Т/А4; Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

Оқу мақсаты:

шығарманың негізгі ойын анықтайды, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері мен негізгі ойын байланыстырады;

әдеби көркемдегіш тәсілдерді ажырата алады.

Бағалау критерийі:

І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің аудионұсқасы тыңдауға ұсынылады. Келісе отырып, аудиомәтін бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңыз және қорытынды жауаптарыңызды сыныпқа таныстырыңыз

1-тапсырма: Өлең оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына көңіл бөле отырып, дауыс ырғағы мен мәтіннің негізгі ойын байланыстырып көріңіз.

2-тапсырма: Ақын домбыраның үні қаншалықты сан алуан, күшті екенін қалай бере алған? Ақын бейнелеуінен мысалдар келтіріңіз.

3-тапсырма: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» және «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз.

4-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдай отырып, шығармадан тілдік қолданысқа жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ұсыныңыз.

Қашаған.

Мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы.

Сөздікпен жұмыс:

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Ж

Оқушылар мұғалім ұсынған сілтемеге өте отырып, тыңдалым мәтіні бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтарға өз беттерімен жауап береді (тапсырманы онлайн немесе жазбаша нұсқада орындай алады)

1-тапсырма.

Қажетті сөзді жазыңыз.

    «Екі желі, үш қазық, 

    Тоғыз ноқта » 

Қажетті сөздер: сарқыра, аруана, домбыра.

 

2-тапсырма.

Дұрыс жауабын белгілеңіз.

    «Төгіл, төгіл, тәтті сый/ нұр /күй,

    Тау суындай сылдыра...»

 

3-тапсырма.

Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

Өлеңде домбыраға қатысты айтылатын эпитеттерді табыңыз.

шабыт күй

бота күй

тәтті күй

арман күй

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 1

Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. 

Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады.

Тест жауаптары:

1-с 6-c

2-b 7-d

3-a 8-b

4-a 9-c

5-a 10-b

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 2

Т

Топта бірлесе отырып, төмендегі тапсырмалардың бірін орындаңыз.

І тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің мазмұны бойынша ТҮЙІНДЕМЕ жасаңыздар. Түйіндеменің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар.

Мысалы:

Шығарманың аты:

Шығарманың авторы:

Шығарманың идеясы:

Шумақ саны:

Ұйқасы:

Әдеби көркемдегіш құралдар:

Теңеу:

Эпитет: т.б.

 

ІІ тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңі бойынша сызба-кесте жасаңыз. Сызба-кестенің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар. Мысалы:

ІІІ тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңін ұйқас, буын мағыналық ерекшеліктерін сақтай отырып, өз беттеріңізбен аяқтап көріңіз.

 

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Рефлексия:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу