Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
САБАҚ: 2 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | жаңа сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т/А4; Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Қашаған. Мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, этнопедагогика | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 минут | Ұйымдастыру бөлімі. Тыңдалым алды тапсырма. Сыныпқа М.Әуелбекованың орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әні тыңдауға ұсынылады. Оқушылар тыңдай отырып, ән мазмұны бойынша нақты ақпараттық сөйлемдер жазып алуы тиіс (Мысалы: «Қазақтың қанында да күй ойнайды», «Домбыра-бабаларымыздың мұңы», «Домбыра-даланың үні», «Домбыра қуанышта да, қайғыда да үнсіз қалып көрмеген/Ата-бабаларымыз қуанышын да, қайғысын да домбырамен бөліскен» т.б.). Жекелеген оқушылар қандай сөйлемдер жазып алғандары туралы сыныппен бөліседі. Мұғалім сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау мақсатында сөйлем мазмұнына қатысты жетелеуші/ой қозғау сұрақтарын қояды. Сабақ тақырыбын болжауға әкеледі. (Әннің мәтінін ұсына отырып, бірге орындауға болады) Жетелеуші сұрақтар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10+13 минут Негізгі ойды анықтау. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. 5 минут 10 минут | Тыңдалым тапсырмасы. Т Мұғалім сыныпты 4 адамнан тұратын топтарға бөледі. І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің аудионұсқасы ұсынылады. Аудиомәтін бойынша топтарға төрт түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар келісе отырып, тапсырмаларды орындайды және қорытынды жауаптарын сыныпқа таныстырады. 1-тапсырма: Өлең оқушының оқу мәнеріне, дауыс ырғағына көңіл бөле отырып, өлең оқушының дауыс ырғағы мен мәтіннің негізгі ойын байланыстырып көріңіз. 2-тапсырма: Ақын домбыраның үні қаншалықты сан алуан, күшті екенін қалай бере алған? Ақын бейнелеуінен мысалдар келтіріңіз. 3-тапсырма: «Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда» және «Домбыраның күші мол, Көмейінде күй барда» деген өлең жолдарының мағынасын ашыңыз. 4-тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдай отырып, шығармадан тілдік қолданысқа жаңа сөздер мен сөз тіркестерін ұсыныңыз. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ж Оқушылар мұғалім ұсынған сілтемеге өте отырып, тыңдалым мәтіні бойынша берілген тапсырмалар мен сұрақтарға өз беттерімен жауап береді (тапсырманы онлайн немесе жазбаша нұсқада орындай алады) 1-тапсырма. Қажетті сөзді жазыңыз. «Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта » Қажетті сөздер: сарқыра, аруана, домбыра. 2-тапсырма. Дұрыс жауабын белгілеңіз. «Төгіл, төгіл, тәтті сый/ нұр /күй, Тау суындай сылдыра...» 3-тапсырма. Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз. Өлеңде домбыраға қатысты айтылатын эпитеттерді табыңыз. шабыт күй бота күй тәтті күй арман күй Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 1 Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз. Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады. Тестілеуден қайта өту мүмкіндігі бар. Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз. 1. Өлеңнің ұйқас түрін анықтаңыз. A) қара өлең ұйқасы B) шалыс ұйқас C) кезекті ұйқас D) аралас ұйқас 2. Өлең қалай басталатындығын көрсетіңіз. A) «Дариға, домбырамды берші маған» B) «Төгіл, төгіл, тәтті күй» C) «Тарт күйіңді, домбыра!» D) «Беу, домбыра!» 3. Өлеңде кездесетін эпитетті табыңыз. A) бота күй B) қамыс құлақ C) сағым жылдар D) арман мекен 4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Екі желі, үш қазық, Тоғыз ноқта ... A) домбыра B) күй C) жыр D) қобыз 5. Өлең не туралы жазылғандығын табыңыз. A) домбыраның қасиеті, күй құдіреті туралы B) жаугершілік заман туралы C) Жошының өлімі жайында D) «Ақсақ Құлан» күйінің шығу тарихы жайында 6. Өлеңдегі «қашаған» сөзінің мағынасын табыңыз. A) тарихтан белгілі танымал тұлға B) туған жерін тастап кеткен адам C) мойнына құрық салдырмайтын, бұғалықтан қашып әккі болып алған жылқы D) Қазақстандағы танымал кен орны 7. Көп нүктенің орнына тиісті тіркесті қойыңыз. Домбыра – қазақ халқының ... A) көне кітабы B) діни құралы C) жаңа аспабы D) ұлттық аспабы 8. Өлең қалай аяқталатындығын белгілеңіз. A) «Желпін, желпін, жел соқтыр» B) «Домбыра, сенде мін бар ма?» C) «Құлшына тарт, домбыра!» D) «Арман болған домбыра» 9. Өлеңдегі теңеулерді табыңыз. A) Тәтті-тәтті әңгіме айт, Жаңа өмірді жыр қыла B) Тауда тұман тұрмасын, Көкте, бұлт, ыдыра! C) Тау суындай сылдыра, Құлындайын құлдыра D) Өлеңде теңеу жоқ 10. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. Ойнатайын он ..., Құлындайын құлдыра. A) күндей B) саусақ C) бөбек D) өнер
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: 2 Т Топта бірлесе отырып, төмендегі тапсырмалардың бірін орындаңыз. І-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңінің мазмұны бойынша ТҮЙІНДЕМЕ жасаңыздар. Түйіндеменің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар. Мысалы:
Әдеби көркемдегіш құралдар:
ІІ-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңі бойынша сызба-кесте жасаңыз. Сызба-кестенің тақырыптық/мазмұндық құрылымын ақылдаса отырып шығарыңыздар.
ІІІ-тапсырма: І.Жансүгіровтің «Домбыра» өлеңін ұйқас, буын мағыналық ерекшеліктерін сақтай отырып, өз беттеріңізбен аяқтап көріңіз.
Жетелеуші сұрақтар:
| http://cdn.e.edu.kz/sui/lcms-scorm-player.html?resource=2020704438# | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 2 минут | Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?