Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация.
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Оқу мақсаты:
ӘТН3 Лексикалық норма. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Бағалау критерийлері:
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.
ТЖ
Тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мағынасын анықтаңыздар.
Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер:
Он саусағынан өнері тамған, күміс көмей, өнер қуған, еңбегін сауды, жарғақ құлағы жастыққа тимеу, жұлдызы оңынан туу, көк өрім, төбесі көкке жету, нар кескен, «Өнерді үйрен де, жирен», «Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар», «Ел іші – өнер кеніші», «Өнерлі елдің өрісі биік»
ЖЖ
Тапсырма:
Жұбыңызбен бірге 4 тұрақты тіркес пен
2 мақал-мәтелді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңыз.
2. Топ ішінде өзге жұптардың жұмыстарын тексеріңіз.
Ж
Тапсырма: Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданып, «Өнерлі Олжас» тақырыбында мәтін жазыңыз.
Ұсынылған тіркестерді қолданыңыз:
Өнерге деген қызығушылығын дамытқан, көптеген байқауларға қатысып, қазақтың күй өнерін түсіну, биік белестерді бағындырды, киелі домбыра әр шаңырақтың төрінде.
Рефлексия
Оқушы жазбасы (Оқушылар сабақтағы өз жұмысы туралы, тапсырманы орындау әрекеті туралы ойланады, кестені толтырады.)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?