Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 7-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны қолдану сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.ӘТН3 Лексикалық норма. Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Ұсынылған фразеологизм, мақал-мәтелдердің мағынасын анықтайды;

Көптеген оқушылар

  • Мақал-мәтелдерді және тұрақты тіркестерді қолданады;

Кейбір оқушылар

  • Айтылымда фразеологизмдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Бағалау критерийлері

Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: тұрақты сөз тіркесі, фразеология, мақал-мәтел

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Өнерге деген қызығушылығын дамытқан, көптеген байқауларға қатысып, қазақтың күй өнерін түсіну, биік белестерді бағындырды, киелі домбыра әр шаңырақтың төрінде.

Мектеп құндылықтары

 Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы ме мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

6 минут

15 минут

5 минут

ТЖ

Тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мағынасын анықтаңыздар.

Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер:

Он саусағынан өнері тамған, күміс көмей, өнер қуған, еңбегін сауды, жарғақ құлағы жастыққа тимеу, жұлдызы оңынан туу, көк өрім, төбесі көкке жету, нар кескен, «Өнерді үйрен де, жирен», «Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар», «Ел іші – өнер кеніші», «Өнерлі елдің өрісі биік» 

ЖЖ

Тапсырма: Жұбыңызбен бірге 4 тұрақты тіркес пен 2 мақал-мәтелді қатыстырып, сөйлем құраңыз.

(Оқушылар өздері мағынасын анықтаған тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қатыстырып сөйлем құрайды. Топ ішінде өзара өзге жұптардың жұмыстарын тексереді.)

Кері байланыс

  • Қай жұптың жұмысы сәтті орындалды? Неліктен?
  • Сөйлем құрауда мақал-мәтелдерді қолдану оңай болды ма, әлде тұрақты тіркестерді қолдану ма? Неліктен?

Ж

Тапсырма: Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданып, «Өнерлі Олжас» тақырыбында мәтін жазыңыз.

Ұсынылған тіркестерді қолданыңыз:

Өнерге деген қызығушылығын дамытқан, көптеген байқауларға қатысып, қазақтың күй өнерін түсіну, биік белестерді бағындырды, киелі домбыра әр шаңырақтың төрінде.

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Әр топ топтағы оқушылардың жұмысын келесі топқа ұсынады, топ аралық бағалау.

Бағалау критерийі: Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

https://sachok.kz/extra_rkd/show/180

Сабақтың соңы Рефлексия

3 минут

Оқушы жазбасы (Оқушылар сабақтағы өз жұмысы туралы, тапсырманы орындау әрекеті туралы ойланады, кестені толтырады)

Топтық жұмыста

Жұптық жұмыста

Жеке

жұмыста

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз

уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу