Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Дос туралы мақал-мәтелдер:
- Дос - ажарың, жолдас - базарың.
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
- Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан
- Дос ы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
- Досы көппен сыйлас,Досы азбен сырлас.
- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.
- Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың,
басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
- Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
- Дос - жылатып айтады, дұшпан - күлдіріп айтады.
- Күлме досқа - келер басқа.
- Дос - басқа, дұшпан - аяққа қарайды.
- Жаман достан жақсы дұшпан артық.
- Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.
- Дос адам маңайынды жұмақ етер.
- Дос достың кемшілігін кешіре білер
Тұрақты тіркестер:
Қолтықтан демеу, жаз дидарлы, жүрегінің түгі бар, қыз мінезді, қолы ашық, тойған қозыдай, жерден жеті қоян тапқандай болды, жеті жұртқа әйгілі, ағаштан түйін түйген, асылдың сынығы, шұғаның қиығы, ат құлағында ойнайды, аузы дуалы, бармағынан бал (өнер) тамған, аузынан ана сүті кетпеген, бесіктен белі шықпаған, жер ортасынан асқан адам, жер ортасына келген адам, азуы алты қарыс, беті күйді, бетінен оты шықты, жылы қабақ көрсетті, жылы шырай білдірді, айдай таза, күндей нұрлы, айдай аузы, күндей көзі бар.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?