Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7-cынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Сүйіспеншілік пен достық

Сабақтың тақырыбы

Дос - ажарың, жолдас - базарың.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ӘТН 3.Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, айтылым мен жазылым кезінде қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

  • Достық тақырыбындағы фразеологизмдерді қолдана алады;
  • Мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдана алады.

 АКТ қолдану

  • АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интер белсенді тақта)

 Сабақта қамтылатын

 білім беру

 құндылықтары

  • Әннің мазмұнындағы адами құндылықтарды бойына сіңіру;
  • тыңдалым мәтінінде ұлттық ерекшеліктерді тану;
  • жұптық және жеке жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет, ынтымақтастық және шығармашылық артады;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, өзінің жұмысын ұсыну мақсатында өмір бойы оқу.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар: оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, креативті шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, ойын еркін жеткізе алады.

Пән лексикасы және терминология: хат, хат құрылымы, адресант, адресат, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркесі, фразеологизм т.б

Осыған дейін меңгерілген білім

«Ауа райы және климаттық өзгерістер», «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық – зор байлық» тақырыптары аясында берілген фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп пайдаланады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Оқушыларға сөзжұмбақ шешу ұсынылады. Шешімімен бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысып, жетістік критерийлері оқушылармен бірге жасалынады.

Сабақтың ортасы

3 минут

9 минту

20 минут

5 минут

Тыңдалымалды тапсырма:

Ж. Айжанованың орындауындағы «Достарым» әнін тыңдап, мәтінде кездесетін тұрақты тіркес, бейнелі сөздерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар. (Жеке жұмыс)

Тыңдалым тапсырмасы:

1.Әнді тыңдаған кезде қандай көңіл-күйде болдың, әннің көңіл-күйі қандай? Бұл көңіл-күйді жеткізуге авторға не көмек беріп тұр? (Жұптық жұмыс)

2.Осы әндегі көңіл-күйді жеткізу үшін сен қандай мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер пайдаланар едің? (оқушыларға дайын мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер беріледі) Жұпта талқылап, өз ойларымен бөліседі. Дескрипторлар:

  • Тыңдалым кезінде мәтіннен тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздерді теріп жаза алады;
  • Әннің көңіл-күйі мен өзінің көңіл күйін сипаттай алады;
  • Әннің көңіл-күйін жеткізу үшін мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді пайдалана алады;

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Досыңа хат жаз. Жазылым кезінде өлеңнен жазып алған тұрақты тіркестер мен бейнелі сөздеріңді және ресурста ұсынылған мақал-мәтелдерді қолданып, ойыңды әсерлі жеткіз. Хаттың құрлымын сақта. (Жеке жұмыс)

Хаттың құрылымы:

 1.Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет.(Хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек.)

 2.Жазу барысында:

 а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.

 б) Мазмұнды баяндауды анықтау.

 в) Қорытынды жасау.

 г) Авторға тілек айту.

 д) керек болған жағдайда "P.S" белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар)

 е) Хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы).

«Автор орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар хаттарын оқып, бір-бірлерін бағалау жүреді.

«Автор орындығына» кез келген оқушыны шығаруға болады.

Дескрипторлар:

  • Хат жаза алады;
  • Хаттың құрылымын сақтай алады;
  • Хат жазған кезде тіркестер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады.

https://www.youtube.com/watch?v=BACnZLWgnxk

Сабақтың соңы

5 минут

Сіз қай кейіпкерге ұқсайсыз? Неліктен?

«Блоб ағашы» тәсілі арқылы оқушы өзін-өзі бағалайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

  • Әр оқушының жұмысына «түртіп алу» стратегиясы бойынша кері байланыс беру

Оқушылар өзін-өзі бағалайды және мұғалім де кері байланыс кезінде олардың жеткен жетістігін көрсете алады

Өнер, музыка өнері сабақтарымен өте тығыз байланыстағы сабақ.

Сабақ барысында орындалатын жұмыстар оқушы өміріне қауіп тудырмайды, керісінше жұптағы жұмыстар балалардың психологиялық жағымды жағдайда жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

АКТ слайд көрсету үшін қолданылады. Қажет болған жағдайда Presi com бағдарламасын қолдануға болады.

Оқушылар шығарма кейіпкерлерін талдай отыра, өздерінің өміріне қажет сабақ алады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу