Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ: №9 | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 4-бөлім: Сүйіспеншілік пен достық | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 8.Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1.Берілген тақырыптағы мәтінді түсінеді; 2.Тыңдалған мәтін бойынша мәселені және себептерін анықтай алады; 3.Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылай алады. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. | |||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Проблемалық сұрақтар құрастыру дағдысы қалыптасты. | |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 5 минут | Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер арқылы екі топқа бөлінеді.
Тыңдалым алдындағы тапсырма. Оқушылармен сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгіме жүргізіледі: 1.Достықтың адам өмірінде алатын орны қандай деп ойлайсыз? 2. Достық кімдердің арасында болады? 3. Тек адамдар ғана дос бола ма? 4. Адамдар мен жануарлар арасындағы достық туралы қандай ой айтар едіңіз? Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң, «Достық уақытпен сынала ма?» мәтіні тыңдатылады. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 5 минут 12 минут | Тыңдалым тапсырмасы. Сынып оқушыларына «Балық қаңқасы» және «FILA кестесі» толтыру тапсырылады. І топ: «Балық қаңқасы» ТЖ. Тыңдалған мәтіннен дос, достық жайлы деректерді жинақтап, себептерін сызбаға толтырады және өз пікірін білдіреді. ІІ топ: «FILA кестесі»
ТЖ. Тыңдалым мәтіні бойынша проблемалық сұрақтар құрайды. Дескрипторлар
Бағалау. Тапсырманы оқушылар сынып оқушыларымен алмасып, критерийлер бойынша тексереді. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. «5 минуттық эссе» Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін қолданып, «Досына қарап, адамды таны» деген тақырыпта эссе жазады. Дескрипторлар
Бағалау. Оқушылар жазылым жұмысын критерийлер бойынша жұпта тексереді. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?