Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 7 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Сүйіспеншілік пен достық

Оқу мақсаты:

7.Ж1. Жоспар құру. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

Бағалау критерийі:

Мәтіндегі негізгі ойды дәлелдейді;

Тезистік және қолдаушы сөйлемдерді ажыратады;

Мәтіннің күрделі жоспарының қалай жасалатындығын түсіндіреді.

1.Мәтінмен танысыңыз;

2.Негізгі ойды анықтаңыз;

- Берік пен Серікті шынайы достар деп айтуға бола ма?

- Олардың шынайы достығын не дәлелдейді?

- Автор осы оқиға арқылы қандай ой айтқысы келді?

- Мәтіннің негізгі ойы мен мақалдың байланысы қандай? Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі – баға жетпес байлық.

3. Маркерленген мәтінді топтарда талқылаңыз, маркерлердің мәнін анықтаңыз (Жасыл түспен берілген сөйлемдер – тезистік сөйлемдер, көк түспен берілген сөйлемдер – қолдаушы сөйлемдер).

Қорытынды шығарыңыз

Жоспар құруға үлгі схема

І. Кіріспе бөлім.

1. Тезистік сөйлем: Кедей-бай демей шынайы достар туған бауырдай бір-бірін жақсы көреді.

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тезистік сөйлем: Қаржы жағдайы күрт өзгереді.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досынан көмек сұрайды.

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем. Досы көмектесуден бас тартады.

2.Тезистік сөйлем: Серік өзінен жағдайы төмен адамдарға көмектеседі.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Науқас кедей адамға дәрілерін алып береді

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем: Қайыршы әйелді үйіне кіргізіп, паналатады.

3. Тезистік сөйлем. Достар арасындағы болған жағдайдың сыры.

А) Тезисті қолдаушы сөйлем: Досымның намысына ауырлық жасамау үшін оған жұмыс бермедім.

Б) Тезисті қолдаушы сөйлем:Берік ата-анасы мен қарындасы арқылы досына көмектеседі.

 ІІІ.Қорытынды бөлім

Біз осындай шынайы доспыз!

Рефлексия

1.Сабақта нені орындау жеңіл болды?

2.Не қиындық тудырды?

3. Нені жақсартуға болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу