Сүйіспеншілік пен достық. Қазақ тілі, 7 сынып, презентация. 8 сабақ.
Оқу мақсаты:
Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.
ӘТН1 Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийлері:
Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.
Тақырыпқа қатысты өзіндік ой-пікірін дәлелді береді.
Шешімді растайтын дәлелдемелер мен қарсы дәлелелдер нақты көрсетеді.
Жазба жұмысында жалғаулар мен шылауларды үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады.
Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз ?
Автордың пікірімен келісесіз бе ?
Осы мәселе туралы сіз не ойлайсыз?
Ең маңыздысы не ? Автордың пікірімен келісесіз бе ?
Осы мәселе туралы сіз не ойлайсыз?
Ең маңыздысы не ?
Ой қозғау (жағдаят)
Аңсар пен Мирас екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң, далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: «Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы», - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...
- Аңсар егер адал дос болса, қалай жауап берер еді деп ойлайсыздар?
ТЖ Жұпта келтірілген аргументтерді топта талқылаңыздар.
ЖЖ Жұпта келісемін және келіспеймін аргументтерін тізіп жазыңыздар
«Досыңа ащы да болса шындықты айтқан дұрыс» деген оймен келісесіз бе ?»
Эссе тақырыбы:«Досыңа ащы да болса шындықты айтқан дұрыс» деген оймен келісесіз бе ?» тақырыбында келісу немесе келіспеу себептерін нақты дәлелдей отырып эссе жазыңыз. Сөз көлемі — 150 сөз
Дискрипторлар:
1.Тақырыптан ауытқымайды.
2. Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады.
3.Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу 2 не 3 себебін көрсетеді.
4.Жазба жұмысында жалғаулар мен шылауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
«Автор орындығы»
Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы
1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?