«Денсаулық – зор байлық». Шынықсан, шымыр боласың. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Мақал - мәтелдер
Денсаулық — ең басты байлық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Сондықтан өмірімізге қауіп төндіретін зиянды заттардан аулық болып, салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.
1. Еңбектен асқан ем жоқ.
2. Қуып ішкенің — қақалғаның, Ажалыңа тақалғаның.
3. Таңертеңгі асты тастама, Кешкі асқа қарама.
4. Жалқаулық — жаман ауру.
5. Тазалық — саулық негізі, Саулық — байлық негізі.
6. Жұғын бар жерде — шыбын бар, Шыбын бар жерде — шығын бар.
7. Дос-жаран ауырып қалғанда, Елемей селсоқ жүрерсің.
Әлекке ауру салғанда, Қадірін жанның білерсің.
8. Екі ауру бір келсе, Ажалыңның жеткені.
9. Дәрігер дәрімен емдемейді, Тілмен емдейді.
10. Қимыл шынықтырады, Ұйқы тынықтырады.
11. Қомағай болдым дегенше, Қорадан шықпай өлдім де.
12. Ауырып, ем іздегенше, Ауырмайтын жол ізде.
13. Жан ауырса, тән азады, Қайғы басса, жан азады.
http://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/35882/
Әуелгі байлық — ден саулық,Екінші байлық — он саулық,Үшінші байлық — ақ жаулық. Денсаулық — зор байлық. Жарлының байлығы —Дәнінің саулығы. Жан ауырса тән азады,Қайғы басса,' жан азады. Айдалада атқан оқАжалдыға тиеді. Жеңіл барып, ауыр қайт,Аман барып, сау қайт. Бас аманда мал тәтті,Бас ауырса, жан тәтті. Аяншақ көзге шөп түскіш. Күлегештің көңілі азбас,Күтіншектің өзі азбас.Қырықта қылау,Сексенде шылау. Ұрынарға қара таппай,Емдетуге жара таппай... Жасырғанның жарасы асқынады. Өлгенге өкпе жүрмейді. Сақинаны сәнге салмайды,Тазалыққа таразы. Лас адам — кіршіл,Надан адам — діншіл. Боранын бұрқыратқан қыстан,Сай-сүйегіңді сырқыратқанСары уайым жаман. Күлкі — ашылған гүл,Көңіл — шашылған нұр. Қотырды қаси берсең қаны шығар.Киізді қаға берсең шаңы шығар. Соқырдың қолына түспе,Саңыраудың астына түспе. Таздыңтарағы алтын,Мергеннің садағы алтын. Көбікті қарда түлкі ойнар,Көңілді көзде күлкі ойнар. Ауру жайын баққан біледі,Аңның жайын атқан біледі. Үшнәрсенің алдынал:Аурудың алдын ал,Жаудың алдын ал,Қайта қозған даудың алдынал. Біреуге өлім тілегеншеӨзіңе жүрім тіле. Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды. Өлім деген ойран,Өмір деген майдан. Кесел батпандап кіріп,Мысқылдап шығады. Жас жігіттің жарасы,Жол-жөнекей жазылар. Алты қатын азаға келсе,Әр қайсысы өз мұңынАйтып жылайды. Бірге тумақ бар,Бірге өлмекжоқ. Біреудің ажалы оттан,Біреудің ажалы судан. Сырқат тән жарасы,Қайғы жан жарасы. Өлінің тілін тірі алмас. Аурудың жақсысы жоқ,Дәрінің тәттісі жоқ. Тер шықпаған кісіден,Дерт шықпайды. Басы жұмыр пенденіңБарар жері белгілі... Орта жолда атың өлмесінОрта жолда қатының өлмесін. Адам өміргеИықтап келеді,Кетерінде «ұйықтап» кетеді. Өлсең көрің көң болсын,Тіріде терің кең болсын. Жылан шаққан адам,Ала арқаннан аттамайды. Ажалды жылан, жол үстінде жатады. Тостағандай басымдаТоғыз жара.Жұдырықтай жүректеЖеті жара.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?